Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3329 0 пікір 18 Тамыз, 2009 сағат 06:34

Негізгі міндет жыл аяғына дейін Қазақстанның ІЖӨ-нін үшінші және төртінші тоқсандарда 1,8-2%-ға дейін өсіру – экономика министрі

Алматы. 18 тамыз. ҚазТАГ – Данияр Темірбаев. ҚР үкіметі негізгі міндет жыл аяғына дейін Қазақстанның ІЖӨ-нін үшінші және төртінші тоқсандарда 1,8-2%-ға дейін өсіру деп отыр.

«Екінші жартыжылдықтың мақсаттық индикаторы жыл соңында экономиканың оң өсіміне қол жеткізу үшін, үшінші және төртінші тоқсандарда ІЖӨ-нін былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 1,8-2%-ға дейін өсіру», - деп ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов сейсенбі күнгі үкімет отырысында мәлім етті.

Ол, «шілде айында былтырғы шілдемен салыстырғанда экономикада 1,4%-дық оң өсім байқалғанын» атап өтті.

Министр «дағдарыс басталғалы Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда техникалық рецессия кезеңіне ұрынбады: өндірістің алдыңғы тоқсанмен салыстырғандағы құлдырауы бізде бірінші тоқсанда ғана байқалды, екінші тоқсанда бірінші тоқсанға қарағанда өсу бізде 3% болды», деп атап өтті.

«Сөйтіп, - дейді Б. Сұлтанов, - Қазақстан экономикасының құлдырауы бірінші тоқсанда түбіне жетіп, енді оның траекториясы өсуге бет алды деп сенімділікпен айта аламыз».

Министр «тұрақтану бірінші кезекте өнеркәсіпте байқалып отыр: мысалы наурыздағы өндіріс көлемінің былтырғы осындай уақытпен салыстырғандағы 7,4% төмендеуі, маусымда - 7% өсуге ауысқанына» назар аударды.

0 пікір