Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3345 0 пікір 18 Тамыз, 2009 сағат 06:34

ҚР банктерінің сыртқы қарыздары 1-ші шілдеге 2007 жылдың соңымен салыстырғанда 1,5 есеге азайып $32 млрд болды

Астана. 18 тамыз. ҚазТАГ – Данияр Темірбаев. Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің сыртқы қарыздары 1-ші шілдеге $32 млрд болып, оның 40%-ын БТА мен Альянс банк қарыздары құрады, деп мәлім етті ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко.

«Біздің мәліметтер бойынша 1-ші шілдеге банктердің сыртқы міндеттері 32 миллиард доллар болды, ал 2007 жылдың соңында 46 миллиард болған. Яғни қысқартылуы 1,5 есе болды», - деді ол сейсенбі күнгі үкімет отырысында.

Г. Марченконың мәліметтері бойынша, ІЖӨ-ге салыстырғанда банктердің сыртқы қарыздары 50%-дан 26%-ға төмендеді.

Ұлттық банк басшысы БТА мен Альянстың сыртқы қарыздарын табысты қайта құрылымдау болса, Қазақстанның банк секторының сыртқы міндеттері «тағы да бірнеше миллиардқа қысқаратынын» атап өтті. 

«Егер біз екі ірі банктің сыртқы міндеттерін қайта құрылымдауды табыспен аяқтасақ, онда біз, жалпы айтқанда, банк секторының сыртқы қарыздар проблемасын шештік деп айта аламыз», - деп қортындылады Г. Марченко.

0 пікір