Жексенбі, 5 Мамыр 2024
1553 0 пікір 3 Ақпан, 2023 сағат 16:13

Қырғызстан мен Өзбекстан "Солтүстік Сох" газ қоймасын бірге пайдаланбақ

Қырғызстан мен Өзбекстан "Солтүстік Сох" газ қоймасын іске қосу мәселесін талқылайды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Әндіжандағы жиналыста осылай деп мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, газ қоймасы кейбір себептерге байланысты жабылып қалған. Мирзияев бұл мәселені жақында Қырғызстанға барған уақытта президент Садыр Жапаровпен талқылаған. "Жақында энергетика министрі Қырғызстанға барып, техникалық мәселелерді шешеді" , - дейді президент.

Өзбекстан энергетика министрі Журабек Мырзамахмұдов жер асты газ қоймасының көлемі шамамен 2,5-3 миллиард текшеметр болатынын айтты.

Газ қоймасының көп бөлігі Қырғызстанда, компрессорлар Өзбекстанда орналасқан. Көрші елдер нысанды бірге пайдалану жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1444
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1286
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1043
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1097