Сенбі, 27 Сәуір 2024
1208 2 пікір 2 Ақпан, 2023 сағат 13:15

Риддерде жылу тарифі қымбаттамайды

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында жылу тарифі өспейді. Бұл туралы «Риддер ЖЭО» АҚ басқарма төрағасы Құралбек Әбдірахманов мәлімдеді.

Бұған дейін экономика министрі Әлихан Қуантыров көктемде жылу беру қымбаттайтынын айтқан болатын. Бірақ ЖЭО төрағасы Құралбек Әбдірахманов мұны болдырмайтынын мәлімдеді.

«Риддер қаласындағы жылу мәселесі түбегейлі шешіледі. ЖЭО-ның жағдайын жақсартуға инвестиция салынады. Ал жылу тарифі алдағы 5 жыл ішінде көтерілмейді», - деді ол тұрғындармен кездесуде.

Құралбек Әбдірахманов "РИДДЕР ЖЭО" АҚ-ны 24 қаңтарда сатып алды.

 

Abai.kz

2 пікір