Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4918 0 пікір 21 Наурыз, 2013 сағат 10:32

Қымыз ішу, гір тасын көтеру, жаяу жарыс - жарысқа қатысуға асығыңыз!

Суретте - бас жүлделерге қойылған сыйлықтар

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі жыл өткен сайын бұқаралық сипат алып, халық санасына орнығып келеді. Жұртты мерекелік көңіл-күй билеп, бір-бірін құттықтап, ағайын-туыс, дос-жаран алыс-жақын жамағат үй-үйді қыдырып, наурыз көже ішісіп, түрлі ойын-сауық ұйымдастырып Наруыздың ұлттық мерекелік бояуы қалыңдап келеді.

Мемлекет бес күндік демалыс жариялап, ірі қалалар мен облыс, аудан орталықтарындағы алаңдарды жасандырып, мерекелік іс-шаралар өткізіп, Наурыздың жалпыұлттық халықтық мейрам екендігінің маңызын арттырып келеді.

Осынау бір жер мен көктің иіген, табиғат пен адамның жасарып, түлейтін зор қуаныш мерекесінде жекелеген азаматтар - экономист Мұхтар Тайжан мен журналист Қасым Аманжол қазақтың игі дәстүрлерін қайта жаңғыртпақ ниетте бұқаралық спорт түрлеріне жарыс ұйымдастырып отыр.

1.       Қымыз ішуден - «ЖЫЛ КӨЛТАУЫСАРЫ»,

2.       Гір тасын көтеруден - «ЖЫЛ ТАУСОҒАРЫ»,

3.       Қыз-келіншектер арасындағы жаяу жарыстан - «ЖЫЛ ЖЕЛАЯҒЫ»

Жарыс 22-нші наурыз күні сағат 11:00 де Алматыдағы 28 Панфиловшылар саябағындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы халық аспаптар мұражайы алдындағы алаңқайда өтеді.

Жоғарыдағы аталымдар бойынша жарысқа қатысамын деп талап білдірген адамдар сол жерден іріктеліп алынады. Жарыстың талаптары ұйымдастырушылар тарапынан түсіндіріледі.

Бас жүлделер: ноутбук, планшет, бағалы ұялы телефон.

2-3-орындарға да сыйлықтар беріледі.

Ұйымдастырушылар - Мұхтар Тайжан, Қасым Аманжолұлы

Ақпараттық демеуші - Abai.kz ақпараттық порталы

0 пікір