Сенбі, 27 Сәуір 2024
Билік 1737 9 пікір 30 Қаңтар, 2023 сағат 15:54

Қазақстанда Ресей азаматтарына жаңа машиналар сатудан бас тартуда

Қазақстандағы танымал автомобиль маркаларының дилерлік орталықтары Ресей азаматтарына жаңа машиналар сатудан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Autonews порталына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, Қазақстан ресейліктер үшін автокөлік сатып алу үшін ең танымал нарықтардың біріне айналды: мұнда қазір сатылымда табылмайтын және қосымша опциялар үшін бағасы негізсіз көтерілмеген көлік модельдері ұсынылған. Алайда көптеген дилерлер көліктерді ресейліктерге сатудан бас тарта бастады.

– Сауда компаниясы Ресей паспорты бойынша Hyundai көлігін сатудан үзілді-кесілді бас тартты. Сонымен қатар, дилерлік компанияның қызметкері мұндай шектеулердің себебін атай алмады. Сатушы Ресей азаматтарына көлік сатып алудың балама нұсқаларын ұсынуға тырыспады. Дәл осындай жағдай басқа HYUNDAI автосалонында да болды. Мұның себебін сатушы "клиенттің өзі құжаттарды ресімдеу кезінде қиындықтарға тап болатындығымен" түсіндірді, - деп жазды Қазақстанда көлік сатып алуға тырысқан ресейлік журналист.

Ресейлік төлқұжат бойынша Kia брендінің машинасын сатып алуда да қиындықтар бар. Менеджер түсіндіргендей, олар шетелдік азаматқа автокөлікті тек оның Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бойынша немесе ЖСН туралы деректер көрсетілген Қазақстанның салық төлеушісі ретінде тіркелген куәлігі бойынша ғана сата алады.

Ал LADA орталығының менеджері Granta және Niva сатылымда жоқ екенін айтыпты. Орталықта тек Largus қана сатылып жатыр, алайда ресейлік төлқұжатпен оны алу мүмкін еместігі ескертілген.

Chery автосалонында және Toyota, Volkswagen дилерлік орталықтарында да осындай жағдай – сатушылар журналиске көлік сатудан бас тартыпты.

 

Abai.kz

9 пікір