Сәрсенбі, 25 Қараша 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 127580. Жазылғандар — 114347. Қайтыс болғандар — 1990
Жаңалықтар 1181 0 пікір 19 Наурыз, 2013 сағат 12:23

“Орталық Азияны бөлшектейтiн уақыт жеттi”

Наурыздың 15-сi күнi www.rosbalt.ru сайтында "Орталық Азияны бөлшектейтiн уақыт жеттi" деп аталатын мақала жарияланды. Бұл мақаланың Қазақстан оппозициясы Кедендiк одақтан шығу, АЭС салудан бас тарту және басқа да маңызды мәселелерге қатысты референдум өткiзу жөнiнде жиналыс жасардан бiр күн бұрын ғана жария­ланғанын кездейсоқтыққа жатқызуға бола ма?

Тақырыбы айғайлап тұрған мақаланың авторлары - Виктор Ядуха мен Александр Шахназаров. Империа­листердiң тамырын тап басатын сая­саттанушылар бiлмесе, жалпы халық бұл екеуiн танымайды. Мәселе бұл екi авторда тұрған жоқ, iз қуалай берсең, "тас қамалды қызыл үйге" апарары сөзсiз.

Мақала Ресей мен Орталық Азия­ның арасындағы барыс-келiс, визалық режим жайында болғанымен, түп-төркiнiнен "осылар қашанғы шолжаңдайды, бұрынғыша дымын шығармай қолтыққа қысып жүрмей­мiз бе" деген астам пиғыл сезiледi.

Наурыздың басында Lehighvalleylive басылымы АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшiсi Джон Ордвейдiң Ресей мен Орталық Азияға қатысты пiкiрiн жариялады. Ол Орталық Азиядағы бес мемлекет - Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркiменстан және Тәжiкстанның төңi­регiнде талас-тартыс бола ма, жоқ па деген мәселенi қаузайды.

- Менiң пайымдауымша, Ресей Орталық Азияға көбiне-көп психологиялық тұрғыдан қысым көрсетуде. Мұны "пост империялық азып-тозу синдромы" деп бағалаймын.

Қытайдың да өз мүд­десi бар. Қытайдың көз­дегенi - мұнай мен газ және Қытайға қарсы кез келген қарсылықтың алдын алу. Бұған қарсы тұрарлықтай Орталық Азия елдерiнде қауқар жоқ. Мәселен, Өзбекстан мен Қазақстан өзара түсiнiсе алмайды. Бұл екi ел - қарсыластар. Мiне, 25 жыл болды басшылары бiрiмен-бiрi тiл табыса алмай келедi, - дейдi Джон Ордвей.

Ордвейдiң айтып отырғаны жаңалық емес. Ресей мен Қытайдың, тiптi өзi сойылын соғып отырған АҚШ-тың өзi Орталық Азия­ны талас-тартыс полигонына айналдырып жiбер­мекке бар. Алайда бiрiнен-бiрi именедi. Бұлардың "бар­ғызбасы барғызбағаны" бiзге тиiмдi.

Мәселен, Қазақстан оппозициясының Кедендiк одақтан шығу, Ақтауға АЭС салғызбау және басқа да мәселелерге қатысты референдум өткiзу туралы бастамасын Ресей тiксiнiп қабылдады. Солай болары белгiлi едi. ИТАР-ТАСС, Регнум, Мир-24, РИА Новос­ти, басқа да ақпарат агенттiктерi Алматыдағы жиынды жаппай хабарлап жатты. "Қазақстан Ресейге қыр көрсеттi", "Қазақстан оппозициясына жан бiттi", "Қазақстан билiгiнiң өзi Кедендiк одақтан шығуға мүдделi", "Бұлардың қолтығына су бүркiп отырған - АҚШ" деген сыңайдағы ақпараттар орыс сайттарында аз емес.

Бiр қызығы, қазақстандық "КТК" телеарнасы басшыларының аузына Ресей­дiң "бақсы-балгерлерi" түкiрiп қойғандай. Қазақстандық телеарна емес, сырт көз сияқты құдды. Портрет недели" бағдарламасының жүргiзушiсi Сергей Пономарев "қазақстандық оппозицияның артында АҚШ тұр" дегендi бiрнеше мәрте айтты. Пономаревтардың жайы белгiлi. Қазақстанның ауасын жұтып, несiбесiн осы жерден терiп жеп жүргенiмен, олардың көксегенi басқа. Әлi күнге дейiн "советский" түс көредi.

Күндердiң-күнiнде қазақтың төбесiне шай қайнатқысы келетiн әсiре­ұлтшыл Владимир Жириновский әлгi телеарнаның төрiн сасытып отырса, бұған таңданудың еш ретi жоқ.

Е.Әбдiкерiм.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір