Жұма, 26 Сәуір 2024
1458 0 пікір 24 Қаңтар, 2023 сағат 12:34

Риддер ЖЭО-ға жаңа басшы келеді

Риддер қаласындағы жылу электр орталығының иесі ауысты. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты.

Бірақ әкім ЖЭО-ның жаңа иесі кім екенін атамады. Аймақ басшысының сөзінше, жаңа инвестор - қазақ, ол нысанға 7 миллиард теңге құюға мүдделі.

Еске салсақ, 26 қаңтарда Риддердегі жылу электр орталығынан өрт шыққан болатын. Бірнеше сағаттың ішінде қызыл жалын ауыздықталды. Кейіннен жылу электр орталығының басшылығына қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Сондай-ақ Даниал Ахметов Риддер жылу электр орталығындағы ақаулар мен апаттардан үйлері қайта-қайта суып кетіп отырған тұрғындардан кешірім сұраған еді.

 

Abai.kz

0 пікір