Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Тарих 2694 28 пікір 19 Қаңтар, 2023 сағат 09:45

Қазақ тарихындағы бақсылық рөлі

Дәстүрлі ислам дінінде шамандық және бақсылықпен айналысу күнә болып саналады. Қазіргі Қазақстан аумағында бақсылар ежелден болды. Халық бақсылар қарапайым адамдарда жоқ күштің иесі деп есептеді және олардан көмек сұрады.

Алғашқы бақсылар палеолит дәуірінде пайда болған екен. Табиғатынан тылсым дарынға ие болған бұл адамдар ежелден рухтар әлемі мен адам әлемінің арасын жалғайды деп есептелді.

«Бақсы» сөзінің мағынасын түсіндіретін әртүрлі түсіндірмелер бар:

- Бақсы – тылсым күш иесі. Басқаша айтқанда, сиқыршы.

- Бақсы – рухтармен байланыс орната алатын, екі дүние арасында жүре алатын адам. Бұған арнайы рәсім арқылы қол жеткізіледі.

- Бақсы – этникалық әдет-ғұрыптарды жақсы білетін адам. Сондай-ақ адам баласын табиғаттан тыс дарынмен емдейтін емші.

Ежелгі заманда бақсылардың адам қоғамына ықпалы зор болды. Оларды қазақтың ру-тайпа билеушілері құрметтеді әрі діни қызметкер ретінде кеңесіп, ақыл-ой сұраған. Исламның таралуымен бұл «сиқыршылар» бұрынғы беделінен айырылып, негізінен көріпкелдікпен ғана айналыса бастады.

Кез келген бақсының басты міндеті – өз ру-тайпасына көмектесу, оның берекелі өмірін қамтамасыз ету болды. Олар мынадай мәселелермен айналысты:

Болашақты болжау, армандардың орындалуы үшін әлемдер арасында жүру;

Жоғалған адамдар мен заттарды іздеу;

Қайтыс болған ата-бабалармен байланыс жасау;

Тайпаластарын зұлым рухтардан қорғау;

Табиғаттан тыс нәрселерді өз еркіне бағындыру;

Науқастарды емдеу;

Ауа райын реттеу, табиғи апаттардың алдын алу.

Бақсылар ешқашан байлық жимаған, өйткені олардың басты ерекшелігі – риясыздық. Олардың жаман ойларға, жаман істерге баруға құқығы жоқ. Бақсылар бар уақытын адамдарға көмектесуге арнаған. Олардың көпшілігі отырықшы өмір салтын ұстанған.

Бақсылардың әр адамға пайдалы болар 6 сабағы бар:

1. Адам теріс ойлардан аулақ болу керек, жаман істерге жол бермеу керек.

2. Адамның өзін-өзі тануына тек жақсы ойлар мен игі істер ғана мүмкіндік береді. Өзіңізді басқалардан жоғары қоймаңыз.

3. Қайырымдылық жасасаңыз, онымен мақтанбаңыз.

4. Әр адамға берілетін қиындық болады, егер ісіңіз өнбесе, тағы да тырыса түсіңіз.

5. Бүгінгі күнмен өмір сүріңіз. Үнемі өткенге қайта оралудың немесе болашақтың құпиясын білуге тырысудың қажеті жоқ.

6. Әр адам қоршаған әлемге әсер етеді. Өз түйсігіңізге сеніңіз. Маңызды шешім қабылдағанда жүрегіңізді тыңдауды ұмытпаңыз.

«Бақсы» сөзі түркі тіліндегі «бақ» (қарау, көру) түбірінен шыққан деген болжам бар. Қазақ бақсылары Қорқыт (Қорқұт) деген адамды өздеріне қамқоршы санады. Ол оғыз тайпасынан шыққан түрік, оның шешесі қыпшақ болған деген болжам бар.

Айтпақшы, Рим Папасының кітапханасында шамамен ХҮ-ХҮІ ғасырларда жазылған «Қорқыт атаның кітабы» деген еңбек бар. Кітапта «Шығыста тақуалық өмір салтын ұстанған, өте құрметті, данышпан қария тұрады. Ол әскери жорықтарда хандарға батасын береді» деп жазылған.

Бақсылардың қасиетті музыкалық аспабы –  қобыз. Аңыз бойынша оны Қорқыт ата өзі жасаған. Бақсыларға жүгінген қазақтар қобыз тартуды ерекше дарыннан деп білген. Қобыздың үні ауыр науқастардан айықтыратын ерекше қасиетке ие деп сенген. Қобызда ойнау, сондай-ақ онымен ән айту, әдетте, бақсы мен аруақ арасындағы байланысты білдірген.

 

Abai.kz

28 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1267
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1159
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 900
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1030