Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2576 0 пікір 15 Наурыз, 2013 сағат 04:50

Кәкімбек Аюбай. Оңтайлы әліпби: 26

Құрметті оқырман!

«Көппен кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген оймен  назарларыңызға «Оңтайлы әліпби: 26+1» жобасын ұсынған едім. Жүзден аса пікір жазылыпты, баршаңызға рахмет. Бәрін мұқият оқып, пікірлер бөлімінде (Қараңыз: 109-қонақ) жауап бердім. Көпшілік пікірі жобаның мүлде жаңа нұсқасының тууына себеп болды. Мұнда диакриттік белгілер жоқ. 31 әріпке пернетақтадағы 26 таңба алынды. Көріңіздер. Тың ойларыңыз болса, ескеремін. Емле - күрделі мәселе, оны алда  жеке тақырыпта қарастырайық.

Бір пікірмен (коммент) айтқандай, бұл «Abai.kz» порталының оқырмандар жобасы» болатын түрі бар. Жобаны ұсынған - оқырман, пікір жазғандар - оқырман. Ортақ ойымыздың нәтижесі осы жоба болды. Сондықтан «өзіміз илеген терінің» иін қандырып, өзіміздің «Abai.kz»-дан ұсынсақ, оқырмандар жобасы болмай ма? Қалай қарайсыздар?

 

Кирилше

А

Ә

Б

Г

Ғ

Құрметті оқырман!

«Көппен кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген оймен  назарларыңызға «Оңтайлы әліпби: 26+1» жобасын ұсынған едім. Жүзден аса пікір жазылыпты, баршаңызға рахмет. Бәрін мұқият оқып, пікірлер бөлімінде (Қараңыз: 109-қонақ) жауап бердім. Көпшілік пікірі жобаның мүлде жаңа нұсқасының тууына себеп болды. Мұнда диакриттік белгілер жоқ. 31 әріпке пернетақтадағы 26 таңба алынды. Көріңіздер. Тың ойларыңыз болса, ескеремін. Емле - күрделі мәселе, оны алда  жеке тақырыпта қарастырайық.

Бір пікірмен (коммент) айтқандай, бұл «Abai.kz» порталының оқырмандар жобасы» болатын түрі бар. Жобаны ұсынған - оқырман, пікір жазғандар - оқырман. Ортақ ойымыздың нәтижесі осы жоба болды. Сондықтан «өзіміз илеген терінің» иін қандырып, өзіміздің «Abai.kz»-дан ұсынсақ, оқырмандар жобасы болмай ма? Қалай қарайсыздар?

 

Кирилше

А

Ә

Б

Г

Ғ

Д

Е

Ж

З

И

К

Латынша

A a

AX ax

B b

G g

Q q

D d

E e

ZX zx

Z z

I i

K k

Кирилше

Қ

Л

М

Н

Ң

О

Ө

П

Р

С

Т

Латынша

H h

L l

M m

N n

NX nx

O o

OX ox

P p

R r

S s

T t

Кирилше

У

Ұ

Ү

Ш

Ы

І

Ф

Х

В

Латынша «х»-ның дыбыстық мәні - нөл

Латынша

U u

V v

VX vx

C c

Y y

J j

F f

Hx hx

W w

 

Біз компьютер мен ұялы телефон пернетақтасында бар ағылшын таңбаларын негізге алдық. Сонымен бірге ұқсас әріп таңбаларының айырмашылығы анық көрінуі және Windows операциялық жүйесіне оңтайлы болу үшін алдыңғы нұсқадағы диакриттік белгілер күмән туғызған еді. Сондықтан басқа жолын қарастырдық..

Әріптердің  сөзде жазылу жиілігін бұрынғыдай негізге аламыз.

Жиілігі жоғары белсенді 17 әріп (а, е, ы, і, и, у, р, л, м, н, з, с, ш, п, қ, к, т) барлық көріністе жазылады.

Жиілігі орта белсендірек 5 әріптің (б, ғ, г, д, ң) басқы не соңғы көрінісі кем, бірақ қосымшада жиі кездеседі.

Жиілігі төмен енжар 9 әріп (ә, о, ө, ұ, ү, ж; кірме ф, х, в) түбірде бар, қосымшада жоқ.

Осы жиіліктер негізінде белсенді және белсендірек дыбыстар бір таңбамен, енжар дыбыстардың кейбіреулері қос таңбамен белгіленеді.

Пернетақтадағы таңба санынан артық дыбыстарды қос таңбамен белгілеу біршама тілдерде бар. Олар көбіне «g», «һ» таңбаларын нөлдік мәнде алады. Біз бұларды лайық көрмедік: 1) жеке тұрғанда бұлар дербес дыбыс таңбалары (г, һ, х); 2) екеуінің өзге дыбыстармен тіркесі қазақ тілінде түсініксіздік туғызады. Мысалы «ң» дыбысына «ng» таңбасын алсақ,  «ң» және сөз ішіндегі «нг» әріп тіркесі бірдей болып шығады. «Сһ» таңбасы да солай.

Көптеген алфавиттерді қарастыра келе,  «х» таңбасының дыбыстық мәні үнемі «кс» екенін байқадық. Тілімізде «ks» дыбыстық тіркесі түбір мен қосымша арасында ғана кездеседі. Оларды бір таңбамен белгілеуге болмайды. Кірме сөздерде  оны «х» емес, «ks» түрінде жаза береміз. Сондықтан «х» таңбасының дыбыстық мәнін  нөлге айналдырып, екі таңбалы дыбыстарға сүйеуіш ретінде  пайдалануды дұрыс көрдік. «Х»-тен өзге сүйеуіш таңбасы болмайды.  «Х» қазақ тілінде дыбысталмайды, дауыстылардың жіңішке, дауыссыздардың айтылуы ұқсас түрлерін білдіреді.

Осындай алты дыбыс қос таңбамен былай жазылады: «ә» - «ах»;  «ө» - «ох»; «ү» - «»; «ж» - «»; «ң» - «»; «х» - «».

Тіліміздің қажеттілігіне қарай өзгертілген таңбаларды көрсетіп, түсіндіре кетейік.

«Ә» дыбысын «а»-дан шығарып, «ах» деп алдық («х» -оқылмайды, алдыңғы дыбысты жіңішкертеді).

«Ө» дыбысын «о»-дан шығарып, «оx» деп алдық

«Ұ» дыбысына «v» таңбасын алдық. Википедияға сүйенсек, «v» латынның классикалық және италияндық дәстүрлерінде дауысты және жартылай дауысты саналады. Қазір кей тілдерде дауыссыз болса, таңдау еркі өзімізде болмақ. Сөйтіп, «v»-ны тіліміздегі дауысты «ұ/ү»-ге лайық көрдік. Компьютер бағдарламашылары  «w»-ны орнында қалдыруды қолдайды.

«Ү» дыбысын «v»-дан шығарып, «vx» деп белгіледік.

«Ғ» әрпі «g»-ге ұқсас «q» таңбасымен белгіленді. «Ғ»-ның соңғы көрінісі кем болғанмен, қосымшаларда жазылу жиілігі жоғары. Сондықтан оған жеке таңба бердік.  «Q»-дың дыбыстық мәні әр елде әртүрлі: «кью»,»күу» «кв», «ис», «қ», ал финдерде оның дыбыстық мәні жоқ.

«Қ» дыбысына айтылуы жақын «һ» таңбасын алдық. «Қ» - қатаң болғандықтан, өзге тілдерде жұмсақ оқылатын «q» таңбасын лайық көрмедік.  «Қ» - тіліміздегі ең белсенді дыбыстың бірі, сондықтан жеке таңба бердік. «Қ» -  «қазақ» сөзінің басы мен соңында бірден көзге түсетін әріп. Ол ұлт атауының айшығы, ұлттың әріптік бейнесі іспетті. Пернедегі «һ»-ның дыбыстық мәні әр елде әртүрлі: х, г, h, ал  роман, испан тілдерінде, сондай-ақ өзге таңбалармен тіркесте дыбыстық мәнін жоғалтуы жиі кездеседі. Оның дыбысталу орны қазақтың «қ»-сына жақын болғандықтан, дыбыстық мәніне қиянат жасала қоймайды.

«Х» дыбысын «һ»-дан шығарып,  «һх» деп белгіледік. Бұл - тек қазақ тіліндегі мәні.

«Ш» дыбысына «c» таңбасын алдық. «C»-ның дыбыстық мәні әр елде әртүрлі: к, г, с,  ц, ал финдерде оның дыбыстық мәні жоқ.

«Ы» дыбысына «y» таңбасын алдық. «Y»-ның дыбыстық мәні әр елде әртүрлі: и, у, ю.

«І» дыбысына жазылуы «y»-ға ұқсас «j» таңбасын алдық. «J»-дің де дыбыстық мәні әр елде әртүрлі: г, дж, х, ж.

Сонымен біздің өзгеріске түскен әріптер:

Бір таңбалы: «ғ - q», «қ - һ», «қ - һ», «ы - у», «і - j».

Екі таңбалы: «ә - ах»;  «ө - ох»; «ү - »; «ж - »; «ң - »; «х - ».

Бұлардың жазылуына мысал келтірейін, бірақ қазақ сөзін өзге тіл көзімен оқымауды өтінемін. Мысалдар: ғалым - qajym, аға - aqa, қазақ - hazah, ақын - ahyn, ырыс -yrys , іні - jnj, әке - axke, тәте - taxte, өнер - oxner, көрік -koxrjk , үш -vxc , күш - kvxs, жас - zxas, ажар - azxar, таң - tanx, хабар - hxabar.

Pjkjrde bjr soxjlem bolsa da, osy axrjptermen zxazsanxyzdar, aldaqy emle mazsejesjne hatysty maxelelerdj anyhtauqa septjgj tjer edj.

Kaxkjmbek

0 пікір