Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2283 0 пікір 12 Наурыз, 2013 сағат 14:14

Шымкенттіктер көшеге үй салып алған

ОҚО Абай ауданындағы "Қос диірмен" өндірістік кооперативіне қарасты ауыл тұрғындары өз үйлеріне жалпыға ортақ көшемен барып, шыға алмайды.

Олар аулалардың арасын аралап, қуыс-қуыстармен жаяулатуға мәжбүр. Ауылдағы 300-ге жуық отбасыға  жедел жәрдем мен өрт сөндіру көлігінің жетуі үлкен мәселеге айналған.

Оның себебі 12 метрлік ішкі ортақ көшеге тұрғын үйлердің тұрғызылуында жатыр. Көшенің дәл ортасынан бой көтерген үйлердің кесірінен ішкі 4 көше жабылып, жолсызбен жүрген қараша қарадай қиналып жүр.

Жерді меншіктеп алған 4 баспанада да қазір қожайындары тұрып жатқан жоқ. Үйіңді дәл көшенің үстіне неге саласың деген көршілеріне "менің құрылысым заңды, қайда барсаң, онда бар" деп бет бақтырмайтын көрінеді.

Сызбадағы заң бойынша, бұл көшеге баспана салынбақ тұрмақ, құрылыстың қиқымы да түспеуі тиіс. Тұрғындар қанша арыздандық дегенімен, Абай аудандық әкімдігінің мамандары бұл мәселені бүгін ғана білдік деп отыр.

Жергілікті әкімдік проблеманы реттеу үшін бір ай мерзім сұрады.

Дереккөз: Оtyrar-tv.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2140
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2328
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653