Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2690 0 пікір 12 Наурыз, 2013 сағат 14:10

Әйелдер де зейнеткерлікке 63 жаста шығатын болады

Әйелдер мен еркектердің зейнет демалысына шығу жасы теңестіріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жаңғырту туралы» Заң жобасының жаңа редакциясының таныстырылымы барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов мәлімдеді.

«Әйелдерді зейнетақымен қамсыздандыру мәселесіне тоқталсақ, бүгінгі күні зейнетақы шоттарының жалпы санының 3 млн 800 мыңы немесе 45%-ы - әйелдер үлесінде. Әйелдердің зейнетақы жинақтарының орташа мөлшері ер адамдарға қарағанда 25%-ға төмен. Әйелдердің зейнетақы жинақтарының төмен болуына екі себеп бар. Нақты атап өтсек, әйелдер жүкті болуына және бала күтіміне байланысты демалыс алады және зейнет демалысына еркектерге қарағанда ерте шығады. Осыған байланысты әйелдер зейнетақы жинақтаушы жүйесіне еркектерге қарағанда біршама уақыт аз қатысады. Соған қарамастан, әйелдер 58 жасында зейнет демалысына шығуға құқылы болып келді», - деді С.Әбденов.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылдың ішінде әйелдердің орташа жалақысының көлемі экономика бойынша ер адамдардың орташа еңбекақысының 66-дан 68%-ға дейінгі көрсеткішін құраған.

«Оның үстінде зейнет демалысына шыққаннан кейін әйелдердің еркектерге қарағанда шамамен 2 есеге артық ұзақ өмір сүретінін ескерсек, қалыптасқан жағдайда әйелдерді тиісті зейнетақымен қамсыздандыру мүмкіндігі төмен. Бұған қоса, әйелдердің 17%-дан астамы ортақ зейнетақы жүйесіне толық қатыспай отырғандығын ескеру қажет. 2018 жылдан бастап бұл мәселе барлық әйелдерге қатысты болады. Сондықтан, ортақ жүйедегі зейнетақы мөлшері минималдық болып табылады. Осыған байланысты әйелдердің зейнет жасының сәйкестендірілуін ұсынамыз. Сонымен қатар, әйелдердің жүктілігіне орай және 1 жасқа дейінгі бала күтіміне қатысты демалысындағы шығындарды субсидиялау қарастырылуда. Шығындарды субсидиялау міндетті зейнетақы жарналары есебінен енгізілетін болды», - деп толықтырды министр.

Дереккөз: BAQ.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2349
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1656