Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2535 0 пікір 12 Наурыз, 2013 сағат 14:07

Боранда адасқан ерлі-зайыптылар ен далада түнеп шығып, аман қалды

БҚО Шыңғырлау ауданы Полтава ауылдық округінің тұрғындары, ерлі-зайыптылар Ерлан мен Сәуле Лесовтер боранда далада түнеп шықты.

Олар 7 наурыз күні ауылдан 20 шақырым жердегі мал қыстағына бару үшін түс ауа ат шанамен жолға шығады. Олар ауылдан ұзай бергенде жайлап басталған борасын күшті боранға айналады. Ауылдан 10-12 шақырымға жуық қашықтыққа ұзағаннан кейін жолды одан әрі жалғастырмауды шешіп, ат жолды өзі табар деген үмітпен ауылға бұрылады. Бірақ ақтүтек бораннан ел көрінбеді. Ерлі-зайыптылар осы кезде қарды тереңдеп қазып, пана жасауды шешеді. Олар өздерімен алып шыққан екі тұлыпты жамылып, қарлы боран астында далада түнеп шығады.

Ертеңіне оларды қарда жүретін машинамен іздеп шыққан шаруа қожалығының басшысы Мұса Намиев пен Наиль Бекетеев Лесовтер отбасын дін аман тапты.

Батыс Қазақстанда қазіргі таңда ауа райы құбылмалы. Бірде қар жауып, бұрқасындатса, бүгін Оралда жаңбыр жауып тұр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2548
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2340
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1654