Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2693 0 пікір 12 Наурыз, 2013 сағат 07:35

Бауыржан Байбек: «Менің әкем Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге оқыған»

«Нұр Отан» ХДП-сы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек еліміздегі жетекші БАҚ -ның журналисттерімен кездесіп, әңгіме-дүкен құрыпты. Төменде ҚазТАГ ақпарат агенттігі жариялаған Бауыржан Байбектің отбасы мен өзіне қатысты айтқандарын орыс тілінен ықшамдап аударып беріп отырмыз.

Abai.kz

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» ХДП-сы төрағасының бірінші орынбасары:

- Әкем - Қыдырғали мемлекет басшысымен бір класта оқыған. Бұл рас. Біздің отбасымыз мұнымен ешкімнің алдында мақтанған емес және оны жасырған да жоқ. Біз тек іштей мақтан тұтанбыз.

Әкем өмір бойы теміржолшы болып жұмыс істеді. Зейнетке шығар кезде бірнеше жыл жолаушылар тасымалымен айналысты. Анам азық-түлік өндірісі саласының технологы. Ата-анам Киевте оқып жүрген кездерінде танысыпты. Сөйтіп, отбасын құрған. Әпкем сол жақта дүниеге келген екен.

Әке-шешемнің танысуына, көңіл қосып отбасын құруына музыка себеп болыпты. Екеуі де музыканы жақсы көреді. Олар музыка деген махаббаттарын балалары - бізге де сіңірді. Әпкем екеуміз Күләш Байсейітов атындағы әйгілі музыка мектебін бітіргенбіз.

Әпкем Алматы консерваториясында оқуын жалғастырды. Қазір консерваторияда оқытушы.

Мен «Болашақ» бағдарламасы арқылы Германияның Любек қаласындағы жоғарғы музыка мектебіне оқуға түстім. Оқуды бітірген соң, Қазақстанның Германиядағы елшілігінде атташе болып жұмыс істедім. Кейін Президент аппаратына референттік қызметке шақырды.

Саясатқа кеткеніңізге өкінбейсіз бе, дейсіз бе? Жоқ, өкінбейтін шығармын.

Аударған - Өміржан Әбдіхалықұлы

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1084
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 977
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 829