Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3169 0 пікір 11 Наурыз, 2013 сағат 12:47

Срайыл Смайыл. 05/03/53 синдромы

Ресейді тағы да елес кезіп жүр. Бір кездегі марксизм-ленинизм-коммунизм мұраты емес. Сталинизм сарыны. 5 наурызда Адамзат тарихындағы аты шулы диктатордың жан тапсырғанына 60 жыл толды. Сталиннің суретін көкке көтерген жұрт Қызыл Алаңдағы мүсін маңына барды. Тау-тау гүл шоғын қойып, тағзым етті. Коммунистердің бүгінгі көсемі Г. Зюганов «Сталин - Ресейдің ұлы жеңісінің символы» деді. Олай дейтін жөні бар. Коммунист Сталин тұсында орыстың өрісі кеңейе түсті. Кенигсберг қаласы, Карелияның бір бөлігі, Курил аралдары КСРО-ның иелігіне өтті. Атом қаруын жасады.

Наурыздың басында Дүниежүзілік орыс халық соборы алқалы жиын («дөңгелек үстел») өткізді. Танымал шолушы Констанин Эггерт жазғандай, жиында ине шаншар жер болмапты. Мақтау мен мадақ атаулыны аяусыз жаудырған. Әміршіл-әпербақан жүйе, жазықсызды қойдай қырған репрессия, соғыстың алғашқы айларында миллиондаған әскерді өлімге айдап салу. Мұның бәріне Сталин емес, айналасы, «қауқарсыз» қолбасшылар, әдеттегідей, яһудилер айыпты-мыс...
Бір қызығы, Орыс шіркеуінің басшысы, патриарх Кирилл әлгі собордың жетекшісі боп есептеледі. Ал православиенің мансұқ етілгені, шіркеудің қиратылып, поптардың қуғынға ұшырауы сол ­­ «бү­кіл халықтардың әкесі» билеген кезеңде. Бірақ бұл туралы ләм-мим.
Ақпарат кеңістігімізде мәскеулік хабар-ошар құралдары армансыз ат ойнатып жатқандықтан, осындай «азықты» тұтынуға мәжбүрміз. Атасы наным-сенімі үшін қызылкөз большевик-белсенділерден жапа шеккен мен сияқтыларға мұны жайбарақат қабылдау қиын-ақ. Үсті-үстіне тықпалайды. «Сталин - мықты менеджер», «Сталин - парасатты пәлсапашы», «Сталин - демократ» (?), тағысын тағылар. Мемлекетаралық «Мир» телеарнасы арнайы ток-шоу ұйымдастырды. Бұл жолы тарихшылар бізге бір-біріне сөз бермей, тиранның өлімі кісі қолынан қаза тапқанын дәлелдеуге тырысты. Тіп­ті күллі дүние мойындаған қа­һарман қол­бас­­­­­шы ­­ ­­­­­­­­Г.­ Жуковқа­ да тіл тигізіп жіберді. «Таң» телеарнасы көп сериалы «Сталин live» көркем фильмін прайм-тайм, яғни жұрт көретін қолайлы уақытқа қойды. Мұнда да қаскөйлер «данышпан көсемнің» түбіне жетеді. Күні кеше қазақтың біртуар ұлы Сәкен Сейфуллинің сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапқанына 75 жыл толды. Біздің ресейшіл арналар қаралы күнді еске алмайды. Керісінше, ыстық ілтипатын бас жендетке білдіреді. Ал билік ақпарат құралдары арқылы жалпыға ортақ қазақстандық идеяны қайтсек қалыптастыруға болады? - деген сауалға бас қатырып жүр. Ал бүкілресейлік идеологияны әрбір азаматтың санасына сіңіру үшін Кремльге Сталинді ұлықтау қажет боп тұр.

"Жас қазақ" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1408
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1241
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 997
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1067