Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 2557 3 пікір 4 Қаңтар, 2023 сағат 14:16

Қазақстан адам саны көп алғашқы 60 елдің тізіміне енеді

Егер бәрі ойдағыдай болса (адам шығыны азайса) 2023 жылдың аяғына таман Қазақстан халқының саны 20 миллиондық межені бағындырады. Бұл Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлек ту тіккен уақыттан бергі абсолютты рекорд. Биыл Румынияны басып озуға барлық мүмкіндік бар. Демографиялық нақты тренд: еуропалықтар азырақ өледі. Бірақ біз олардан көбірек туамыз.

20 миллионға жетудің 2 бағыты бар: инсульт пен инфарктпен аяусыз күрес және адамдардың тууға деген қызығушылығын күшейту. Жыл сайын 44 мың қазақстандық инсульт пен инфаркттан қайтыс болады. Бір қызығы, пальма майын тұтыну (фастфуд, тб) өскен сайын, осы аурулар күрт көбейген. 2011 жылмен салыстырғанда біз қазір 38 пайызға көбірек өлеміз. Бұл - қорқынышты тренд. Өлімді туумен ғана басып отыруға болмайды, өлім себептерімен соңына дейін күресу керек.

Кей экономистер арасында халық санына қатысты керағар пікірлер бар. Азшылығы: "шикізаттық елдерге халық саны аз болғаны тиімді. Адам аз болса, олар мұнай рентасын көбірек бөледі, адамдарға ақша көп түседі" деген ойда. Бұл өте қате пікір дер едім. Халық санының көптігі, әсіресе жұмыс ресурстарының баршылығы - экономикалық өсімнің алғышарты. Әйтпесе, Еуропа мигранттарды тартпас еді.

Халық саны - шетелдік инвестициялардың келуіне, B2C секторының (бұқараға жұмыс істеу: тауарын, қызметін сату) дамуына ерекше импульс береді. Әсіресе, кинематографияның болашағы халық санына тікелей байланысты.

Қазақстанның ең үлкен перспективасы - халқы өте жас. Бізде 18 жасқа толмаған балалар саны - 6,5 миллион. Ал 30 жасқа дейінгілер халық санының 60 пайызынан асады.

Айбар Олжаев

3 пікір

Үздік материалдар