Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
1304 1 пікір 4 Қаңтар, 2023 сағат 13:51

ЕО індет өршіген Қытайға тегін вакцина ұсынды

Еуропа одағы Қытайға коронавирус індетін тоқтату үшін COVID-19 вакцинасын тегін ұсынды. Бұл туралы Financial Times британ газеті жазды.

Мұндай бастама Еуроодақ елдері денсаулық сақтау министрлерінің 3 қаңтарда өтетін кездесуі қарсаңында көтерілді. ЕО денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комиссиясының басшысы Стелла Кириакидес Қытайдың коронавирус індетін "қатаң тәртіппен тоқтату" саясатынан бас тартуына "еуропа жауабын" дайындағысы келеді.

ЕО-ға мүше елдердің вакцина қоры толық. Пекин әзірге мұндай ұсынысқа жауап берген жоқ, деп жазды басылым.

Қытай індетке қарсы күресте өзі дайындаған Sinovac және Sinopharm вакциналарын қолданды, шетелде әзірленген РНК-препараттарынан бас тартты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2022 жылғы 31 желтоқсанда Қытайда вакцина егу көрсеткіші жеткіліксіз деп мәлімдеген.

Қытайда коронавирус індетінің өршуіне байланысты әлем елдерінің бірқатары Қытайдан келгендерді тексеру енгізді.

2022 жылғы желтоқсанда Қытай халқының локдаунға қарсы көтерілісінен соң билік шектеу шараларының бәрінен бас тартты. Содан кейін індет қайта өршіді. Бейресми мәліметке қарағанда, Қытайда күнде миллиондаған адам коронавирус жұқтырады. Елдегі ауруханалар науқасқа толған, крематорийлер де мәйітті өртеп үлгермей жатыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2065
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2494
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2103
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1607