Сенбі, 11 Мамыр 2024
2004 2 пікір 30 Желтоқсан, 2022 сағат 12:39

Олег Крук қызметінен кетті

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук отставкаға кетті. Ол Асайын Байханов тағайындалғанға дейін облыс әкімінің міндетін уақытша атқарған болатын.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Олег Крук өз өтініші бойынша қызметінен босатылды. Ол энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелеріне жетекшілік еткен болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, оның орнына Хасар Хабылбеков тағайындалды.

Еске салсақ, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды. 28 қараша күні таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

1 желтоқсан күні Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылып, Мемлекет басшысының жарлығымен Олег Крук облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы лауазымына тағайындалған еді.

7 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Павлодар облысының әкімі лауазымына Асайын Қуандықұлы Байханов тағайындалды.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1928
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2098
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1742
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1525