Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3060 0 пікір 8 Наурыз, 2013 сағат 13:55

Мұхамбедия Ахмет-Төре. Қазақы рэп

Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді де мінгенбіз.
Кең сахара даламда,
Еркін өмір сүргенбіз.

Қысым көрген заманда,
Жаяулап та жүргенбіз.
Өлтірсе де мың рет,
Мың тіріліп көргенбіз.

Тіліміз бен дініміз,
Өлмесін деп жүргенбіз.
Өзгерген соң замана,
Өзге тілге ергенбіз.
Гүріл-гүріл гулетіп,
Иномарка мінгенбіз.

Шүлдір-шүлдір сөйлетіп,
Балаға тіл бергенбіз.
Қазақ тілі - мазақ тіл,
Болғанына көнгенбіз.

Қыркүйекте жиналып,
Тіл дамыту дегенбіз.
12-айда бір рет,
Тілдің қамын жегенбіз.

Майқы бидің орнына,
Майкл Джексон дегенбіз.
Балақтағы битіміз,
Басқа шықса көнгенбіз.

Көктөбеге көтеріп,
"БИТЛЗГЕ" орын бергенбіз.
«Джентельмены удачи»,
Жамбыл жақтан көргенбіз.

Алатаудың етегін,
Иеговаға бергенбіз.
Сиырларға сиынған,
Қазақты да көргенбіз.

Есіңді жый, қазақ деп,
Есіңді жый, қазақ деп,
Ханшатырға кіргенбіз.

Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінген бабамыз.
Қорғаған соң жан беріп,
Аман қалған даламыз.

Дайын асқа тік қасық,
Болып кеткен санамыз.
Иномарка мінгендер,
Қайда кетіп барамыз?

Шала қазақ шеттесе,
Айырылады арамыз.
Бөлінгенді бөрі жеп,
Бөлшектеніп қаламыз.

Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді де мінгенбіз.
Кең сахара даламда,
Еркін өмір сүргенбіз.

Қысым көрген заманда,
Жаяулап та жүргенбіз.
Өлтірсе де мың рет,
Мың тіріліп көргенбіз.

Тіліміз бен дініміз,
Өлмесін деп жүргенбіз.
Өзгерген соң замана,
Өзге тілге ергенбіз.
Гүріл-гүріл гулетіп,
Иномарка мінгенбіз.

Шүлдір-шүлдір сөйлетіп,
Балаға тіл бергенбіз.
Қазақ тілі - мазақ тіл,
Болғанына көнгенбіз.

Қыркүйекте жиналып,
Тіл дамыту дегенбіз.
12-айда бір рет,
Тілдің қамын жегенбіз.

Майқы бидің орнына,
Майкл Джексон дегенбіз.
Балақтағы битіміз,
Басқа шықса көнгенбіз.

Көктөбеге көтеріп,
"БИТЛЗГЕ" орын бергенбіз.
«Джентельмены удачи»,
Жамбыл жақтан көргенбіз.

Алатаудың етегін,
Иеговаға бергенбіз.
Сиырларға сиынған,
Қазақты да көргенбіз.

Есіңді жый, қазақ деп,
Есіңді жый, қазақ деп,
Ханшатырға кіргенбіз.

Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінген бабамыз.
Қорғаған соң жан беріп,
Аман қалған даламыз.

Дайын асқа тік қасық,
Болып кеткен санамыз.
Иномарка мінгендер,
Қайда кетіп барамыз?

Шала қазақ шеттесе,
Айырылады арамыз.
Бөлінгенді бөрі жеп,
Бөлшектеніп қаламыз.

Дінім дертке шалдықса,
Жазылмайды жарамыз.
Емделмесе тіліміз,
Тірі өлік боламыз.

Жөнделмеді 20 жыл,
Сенбесеңіз, санаңыз.
Қандай тілде сөйлеп жүр,
20-дағы балаңыз.

Тағы 10 жыл күткенде,
30 жылды орамыз.
Арбаменен асықпай,
Қоян қуып барамыз.

Жайбасарлау болсақ та,
Жекпе-жекте дарамыз.
Жесірін жауға бермеген,
Дауласқанда бабамыз.

Қазақ сөзі астарлы,
Есіңізге саламыз.
Төрімізге шақырсақ,
Шаңыраққа қараңыз.

Күмбезі көкті тіреген,
Күмбезі көкті тіреген
Ханшатырлы қаламыз.

Мұхамбедия Ахмет-Төре
медицина ғылымдарының докторы,
терминолог

Abai.kz

0 пікір