Сенбі, 11 Мамыр 2024
1761 1 пікір 29 Желтоқсан, 2022 сағат 13:44

"Министрлік әрбір әскери қызметшінің өліміне жауапты"

Министрліктің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының міндетін атқарушы Серік Борамбаев ведомство әскери қызметшілердің қаза болуына жауапты екенін айтты.

«Иә, біз жауаптымыз. Әрбір жағдай марқұмның туыстары мен жақындары үшін ғана емес, барлық Қарулы Күштер үшін де орны толмайтын қайғы. Бұл ретте жауапкершілік төменгі деңгейден Қорғаныс министрлігінің басшылығына дейін бәріне артылады.

Сондықтан әр жағдай жеке және ерекше тәртіпте қарастырылатынын түсіну керек. Қарулы Күштер мен басқа әскерлер мен құрылымдар бар. Мерзімді қызмет сарбаздары, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, офицерлер бар. Офицерлермен және келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен байланысты өлім де әртүрлі: ауырып қайтыс болғандар, жол-көлік апатына ұшырағандар бар, өйткені олар қоғамның барлық азаматтары сияқты қызметке келіп, кешке үйіне кетеді. Содан кейін олар қарапайым азаматтар сияқты күнделікті мәселелермен айналысады», - деді Серік Борамбаев.

Сонымен бірге спикер Қорғаныс министрлігінің әскердегі суицид жағдайларын азайту үшін шаралар қабылдағанын айтты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1935
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2122
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1760
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1532