Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 2892 18 пікір 23 Желтоқсан, 2022 сағат 14:52

Татарстан раисы...

2021 жылы Ресейде Мемлекеттік Дума тарапынан арнайы ұсыныс жасалды. Ұсыныс артынша Песковтың пікірінде де көрініс тапты. Ол "Ресейде бір ғана президент болуы керек, қалған субъект басшылары мен Ресей ішіндегі республика президенттері бұл титулды иемденбеуі тиіс" деген пікірін айтты.

2021 жылға дейін Ресейде екі президент титулы болды. Біреуі Путин, екіншісі Татарстан президенті Минниханов. Бірнеше жыл бұрын  Қадыров президент деген статустан өз еркімен бас тартты. Татарстан бұл титулдан бас тартуға көндігуге дайын еместігін аңғартты. "Талқылауға, түсіндіруге уақыт керек" деді.

"Татарстан Парламенті федералды заңды мойындамай отыр". Ресей сарапшылары осылай деп шулауда. Татарстан Парламенті қазіргі президент Миннихановты "президент статусында қалады" деді. "Ел халқы қазіргі президентке дауыс берер сәтте ол президенттікке кандидат ретінде түсті, сондықтан өзгерістер келесі басшыдан басталады" дейді олар.

Мәскеу "президент" деген сөздің орнына "басшы" деген сөз қолданылуы тиіс дегенді 2015 жылы енгізген болатын. Татарстан Парламенті Конституцияға өзгеріс енгізіп, ендігі таңда келесі президентті президент емес "Татарстан Республикасының раис-басшысы" деп өзгертуді ұсынды. Мәскеу "Татарстан Республикасының басшысы" сөзі қолданылуы керек деген болатын. Татар депутаттары "Татарстан Республикасының раисы" деп қолдана беруге болатынын, бұл сөздің мәдени тұрғыдан татар халқына жақындау екендігін айтты. "Раис" сөзі араб тілінде көбіне "мемлекет тізгінін ұстаушы" деген мағына береді. Әрине, бұл нұсқа Кремльге ұнамайды.

Кремль "Қазан федералды заңды өрескел бұзуын жалғастыруда" деген сипаттағы мақалаларды сайттарға шығартуда. Татар депутаттарының қазіргі ұсынысы қабылданатын болса, онда 2025 жылға дейін Минниханов "президент" деп атала бермек.

Ка Мырза

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1595
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1497
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1246
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1214