Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
46 - сөз 2306 11 пікір 19 Желтоқсан, 2022 сағат 14:15

Тәуелсіз елде тәуменді тұлғалар болмауы керек

Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінеміз? Тәуелсіз ел деп қандай елді айтуға болады? Біздің елімізді толыққанды тәуелсіз елге жатқызуға болады ма? Тәуменді тұлғалар деп кімдерді айтуға болады? Тәуелсіз елде неге тәуменді тұлғалар болмауы керек?

Тәуелсіздік ұғымын тәуелсіз өмір сүрумен байланыстырып қарағанымыз түсініктірек болар. Өнер жолында оқып үйреніп, жалықпай ізденіп, еңбек етіп, бір кәсіпті толыққанды және жоғарғы деңгейде меңгеріп, сапалы дайын өнім шығарып немесе сапалы қызмет көрсетіп тұтынушылардың мұқтаждығын өтеп, сол арқылы адал табыс тауып, отбасын қамтамасыз етіп, дәулетін арттырып, айналасына немесе жан-жағына ішкі жандүниесімен мінез-құлқымен жалтақтамай, материалдық тұрғыда кіріптар болмай, азат ойлап, дербес шешім қабылдап өмір сүруді тәуелсіз өмір сүру деп айтса керек.

Тәуелсіз ел деп- құқықтық және саяси реформа толыққанды жасалған, әділ сайлау жүйесі мен тәуелсіз сот жүйесі арқылы әділеттілік салтанат құрған, азаматтық қоғамы қалыптасқан, демократиясы тиісінше дамыған, эканомикасы жер асты пайдалы қазбаларын сатудан түскен табысқа ғана тәуелді болмай, эканомикасын әртараптандырған, протексионизм саясатын мықтап ұстанған, арзан шикізаттардан, пайдалы қазбалардан әртүрлі сапалы дайын өнімдер шығару арқылы ішкі нарығын қамтамасыз еткен, артылғанын өзге мұқтаж елдерге экспорттап, жалпы ұлттық өнімдерін арттырып, мемлекетке үлкен көлемде үнемі кіріс кіргізіп отырған эканомикасы қуатты, қаржы жүйесі дербес және икемді, әрі дамыған, инфлация деңгейі төмен, империялық пыйғылдағы елдерге құқықтық, саяси-эканомикалық, рухани-мәдени тұрғыда тәуелді емес дербес шешім қабылдай алатын елді айтуға болады.

Осы критерилер бойынша біздің елді толыққанды тәуелсіз ел деп айта алмайсың. Ата заңымыз диктатор Назарбаевтың шимай дәптеріне айналғалы қашан, отыз жылдан бері бірде-біррет әділ сайлау өткізуге ниеттері де болмады, тәуелсіз сот жүйесін жасамады, азаматтық қоғам қалыптаспады. Адамның тағдыры ойыншыққа айналып, биліктің қолайына жақпай, айтқанын істемей, қарсы келсең мың жерден кінәсіздығыңды дәлелдесең де істі болып, бірнеше жылды арқалап сотталып кете барасың.

Жер асты байлығымыз итке де, құсқа да жем болып, талан-таражға түсіп қытайға, россияға, басқада мемлекетерге сатылып кеткелі біраз жыл болды.
Эканомикамыз әртараптандырылмай, протексинизм саясатын мемлекет жақсы ұстанбай, тауар өндіруші кәсіпкерлер шығарған өнімдеріне, шаруалар ауылшаруашылық өнімдеріне тұрақты баға қоя алмай, шығарған өнімдері өзіндік шығынын ақтамай, не өндіріс орындарын, не ауыл шаруашылық техникаларын жаңарта алмай, жылдан-жылға тек зиян шегіп, туралап, жабылып құрдымға кетіп жатқаны қаншама.

Осындай фокторлардың салдарынан елімізде шет елдерден импортталатын тауарларға тәуелділік артып, шетелдік валюталарға сұраныс өсіп, олардың құны өсіп, керісінше теңгеміз құнсызданып, қымбатшылық шарықтап, халықтың қалтасы қағылып, кедейліктің деңгейі өсіп отырғаны ол тағы бар.
Кеңес өкіметінің кезінде қазақстанға әдейі үлкен өндіріс орындары салынбай, тек шикізат өндіретін кәсіпорындар салынғанын білеміз. Әлі де осы саясат империялық пыйғылдағы кремілдің мүддесіне негізделген кедендік одақпен еураазиялық одақ арқылы ашық және астыртын жүргізілетіні анық.

Тәуменді тұлға деп- жүрегінде елге, жерге деген махаббаты жоқ, бойында ар-намыстың, ар-ұяттың нышаны да байқалмайтын, рухани-мәдени құндылықтарға бас қатырмайтын, ойлағаны тек атақ пен мансап, материалдық құндылықтар болатын тұлғаны айтуға болады. Бір сөзбен айтқанда тәуменді тұлғалар деп дүниеге тәуелді немесе дүниеге дос адамдарды айтса керек. "Махаббатсыз дүние-дос"демейме ұлы Абай.

Біздің елде бас тәуменді тұлғалар Назарбаев пен Тоқаев және олардың айналасындағылар болса, қосшы тәуменді тұлғалар автаритарлық жүйені қолдап қолпаштайтын электродтар, яғни әр түрлі деңгейдегі басшылықтар және зиялысымақтар болып тұр.

Алтынбек ағамыз айтқандай тәуменді тұлғалардың еліміздің тәуелсіздігіне тигізер зияны орасан зор.

Әрбірден соң бұл бас тәуменді тұлғар немесе ұрылар еліміздің азаттығына немесе тәуелсіздігіне қауіпті саяси-эканомикалық, құқықтық шешімдер қабылдағанын біріміз білсек, біріміз білмейміз.

Бас тәуменді тұлғалардан арылмай қазақ елі шынайы тәуелсіздігін сезіне де, тойлай да алмайтындай болып көрінеді.

Қайрат Смахан

Abai.kz

11 пікір