Сенбі, 15 Мамыр 2021
Жаңалықтар 2305 0 пікір 4 Наурыз, 2013 сағат 05:09

Бекнур Кисиков. Дүбәрә қалалықтың монологы

Мен - «колхозбын», мен - «ауылмын»...  менің осындай екенімді, боққа былыққан мегополиске келген сайын  былайғы жұрт бетіме басады да тұрады...
Мен қалаға икемделмей-ақ қойдым, мен оны жаратпаймын, жек көрем... мұндағының бәрі жынымды келтіреді....
Рас, мен әрбір әлеуметтік жайсыздыққа жаны шошынып біткен,
жүйкесі тозған жүйкелекпін, кәдімгі қалалықпын. Соицалканы да, коммуналканы да ... көргім келмейді, удай қымбат...

Мен - «колхозбын», мен - «ауылмын»...  менің осындай екенімді, боққа былыққан мегополиске келген сайын  былайғы жұрт бетіме басады да тұрады...
Мен қалаға икемделмей-ақ қойдым, мен оны жаратпаймын, жек көрем... мұндағының бәрі жынымды келтіреді....
Рас, мен әрбір әлеуметтік жайсыздыққа жаны шошынып біткен,
жүйкесі тозған жүйкелекпін, кәдімгі қалалықпын. Соицалканы да, коммуналканы да ... көргім келмейді, удай қымбат...

Мен ағашпын, саманмын, сексеуілмін.
Мен жұқа емеспін, сезімтал да емеспін... мен қарабайырмын, дөрекілеумін, табиғимын.
Ауылды сағынам, сонда көзімді аштым ғой. Сол ауылды санамнан сығып тастау қолымнан келмей-ақ қойды... Менің ауылбайлығым «менмұндалап» тұрады, тұрмыста да, қатынаста да, бизнесте де...
Менің пікірім өзімнен артылмайды, сезімге берілгішпін, және де қалалық коммьюнитидің объектив мүшесі болуға тырысуымның бәрі тұйыққа тірелумен бітеді..
Маған ығы-жығы, итеріс тірлік ұнамайды, үлкен қаладан қорқамын. Өйткені, мен жаныммен ауылдықпын, қалай едім - солай қалдым... Ірі қала қатал, адамшылық жоқ, өлермендік көп, мұнда ақша көп, несие дейсің бе, ломбард па, құмарды қандыратын нәрселер... бәрі жетеді.
Мұнда уақыт - ақша, мұндағы уақыт қымбат, өзің үшін, жаның үшін дегендей жай уақыт деген болмайды.
Қаладан да, құмар құуудан да діңкем құрыды. Өлерменденуден де шаршадым, мен қартайдым,... сезім де қалмады, ештеңе сезбеймін.. бар болғаны ана жаққа тартады да тұрады, кең алқапты айтам. Көкжиекті сағындым, кең аспан мен күнді айтсайшы..
Ол жақта көзің жеткен жерге дейін көз саласың, ауадан да ауаның иісі шығады, ал аспан шынында да көкпеңбек қой.
Ол жақта түнгі жұлдыздар самаладай жарқырайды, онда жан бар, ақиқат бар, табиғатты айтсайшы, әркімнің өз орны бар..
Шай ішкім келеді... Кәдімгі самаурыннан, шынашағы майысқан қолдан, күйген сексеуілдің иісімен отырып, үлкен кесеге толтырып тұрып, шақпақ шекерді тістей отырып, бала күнімдегідей... нағыз  шай сол ғой... қалташадағы кәкір-шүкір емес, былшырап езілмейтін, кәдімгі табиғый...
Маған кәдімгі әңгіме жетіспейді... жанды жадыратар, сабырлы, байсалды, әрбір сөзі емес  маңызды, әрбір айтылу мәнері маңызды... әңгіме...
Мен, тіпті жай ғана әңгімелесу үшін кездесулерге асығамын, мен әлгі өте шығатын, бірсәттік, ылдым-жылдым іскер кездесулерден шаршадым.
Маған адам жетпей жүр... дәстүрге, бар қайнардың бастауына жақын, синтетикалық емес, бұзылмаған, болмысы түрге емес, мазмұнға ұйыған табиғый адамдар жетіспейді. Кеңіс мол болса, адам да қадырлы ғой.
Ондай жерде сен адамға байыптап қарай аласың, профайлды қарай салғандай емес...
Онда мереке толы, онда мерекелік мәдениет ұйыған, ол маңда мерекелерден жаның жүдемейді. Ол маңайда Ұзынқұлақ  Интернетті де, Теледидарды да алмастырады.
Ол жерде ештеңе тықылдамайды, есіңе әлденені салмайды, ал уақыт болса, ұйып қалғандай. Ол маңда уақыт маңызды емес, ол тіпті жоқ деуге болады. Ол жерде басқа өлшем, сүттей ұйыған, сом күйінен айнымаған. қарапайым ғана, жергілікті... сол жерге ғана тән тіршіліктің тамыры соғып тұрады.
Ол - дауншифтинг (сергу сапары) емес, бұл өзіңді ұғу үшін, тегіңе барып келу үшін,  ата-тектің мәнін түсіну үшін...біраз айалдау үшін, тыныстап алу үшін, ұғу үшін жаралған орта.
...Бірақ.. 3 күннен соң мен қасқаны кейін тартады ғой. Ауылда мен өзімді енді қалалық сезінем. Маған енді адамдардың бір бірін білуі, бәрі көз алдыңда екендігі ұнаймайды.. менде жасырын нәрселер жыйналып қалған.. ал ауылда жасырын ештеңе жоқ. Онда жекедара кеңістік жоқ және де өзіңді социум-дара пенде екеніңді барынша сезінесің.
Сен ақапарат тасқынына дағдыланғансың және соның тапшылығына ұшырайсың, ал таза ауа сүйікті қаланың бай да қанық ауасынан гөрі тым тұшшы да дәмсіз сезіледі..
Адамдарды сағына бастаймын.. қаптаған адамды.. мен оларды тезірек көргім келеді және ылғый да сөйтемін.
Мен кептелісті сағынам, көшенің гүуілі мен айқайын айтсайшы... дәмханаға барғым келеді... әлгі ылдым-жылдым кездесуге асығам.. маған енді синтетика керек, аутентикадан шаршай бастаймын.
Маған коммуналка, социалка қажет екен, қары ыбырсыған қалалық ноосфера қажет.
Менде шапшаң, дабылшаң, иінтеріскен, ығы-жығы тірлігі бар қалалық ауанға деген нашақордың ұстамасы басталады.
Мен анау да, мынау да емес екем... «жартыақыл» дегендей, жартықала - жартауыл....сөйтіп өмір бойы теңселумен өтер ме екем...

Орысшадан аударған - Серік Әбдірешұлы

0 пікір