Сәрсенбі, 8 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 41065. Жазылғандар — 13614. Қайтыс болғандар — 188
Жаңалықтар 1934 0 пікір 4 Наурыз, 2013 сағат 04:57

Олег Коленчук: (Мұхаммед Әли:) Құранда барлығының жауабы берілген

Мына сұхбат осыдан бірнеше жыл бұрын орыс сайттарының бірінде жарық көрген. Неге екенін қайдам, бұл мақала өзінің ішкі мазмұнымен, журналистің тақырыпты ашу мәнерімен маған бірден ұнады. Мақаланың қызықты әрі танымдық тұстары көп. Сұхбатта айтылған мәселелердің көбісі әлі де өзекті әрі бұдан діндес бауырларымызды толғантып жүрген кейбір сауалдарға да жауап табуға болады. Сондықтан тәржіманы оқырмандарымызға ұсынуды жөн көрдік. Мақаланың түпнұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар http://www.rosbalt.ru/ukraina/2011/02/28/823883.html

 

Олег Коленчук:  (Мұхаммед Әли:) Құранда барлығының жауабы берілген

- Менен көбіне Исламға қалай келдің деп сұрайды. Менің бұндай шешім қабылдауыма өмірдің өзі түрткі болды десе болады. Әр адамның бойында туа біткеннен-ақ діни бағдарын табуға талпыныс, құлшылыққа құмарлық сезімі болады. Мен мектеп бітірісімен-ақ Құдайды іздей бастадым..Хиппимен әуестендім..Жастардың әртүрлі ұйымдарына кіріп, ел кезіп жүрдім. Буддизмді байқап көрдім. Сосын кейін досым екеуіміз Памирге жол тарттық. Йоганың оқулығын қолымызға алып, тауда өмір сүргіміз келді. Сосын Інжілді оқыдым. Бірақ мен оған сенбедім. Маған ондағы біраз дүниелер біртүрлі оғаштау болып  көрінді.

- Нақты нені айтасыз?

Мына сұхбат осыдан бірнеше жыл бұрын орыс сайттарының бірінде жарық көрген. Неге екенін қайдам, бұл мақала өзінің ішкі мазмұнымен, журналистің тақырыпты ашу мәнерімен маған бірден ұнады. Мақаланың қызықты әрі танымдық тұстары көп. Сұхбатта айтылған мәселелердің көбісі әлі де өзекті әрі бұдан діндес бауырларымызды толғантып жүрген кейбір сауалдарға да жауап табуға болады. Сондықтан тәржіманы оқырмандарымызға ұсынуды жөн көрдік. Мақаланың түпнұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар http://www.rosbalt.ru/ukraina/2011/02/28/823883.html

 

Олег Коленчук:  (Мұхаммед Әли:) Құранда барлығының жауабы берілген

- Менен көбіне Исламға қалай келдің деп сұрайды. Менің бұндай шешім қабылдауыма өмірдің өзі түрткі болды десе болады. Әр адамның бойында туа біткеннен-ақ діни бағдарын табуға талпыныс, құлшылыққа құмарлық сезімі болады. Мен мектеп бітірісімен-ақ Құдайды іздей бастадым..Хиппимен әуестендім..Жастардың әртүрлі ұйымдарына кіріп, ел кезіп жүрдім. Буддизмді байқап көрдім. Сосын кейін досым екеуіміз Памирге жол тарттық. Йоганың оқулығын қолымызға алып, тауда өмір сүргіміз келді. Сосын Інжілді оқыдым. Бірақ мен оған сенбедім. Маған ондағы біраз дүниелер біртүрлі оғаштау болып  көрінді.

- Нақты нені айтасыз?

-  Мәселен бір ғана «жақыныңды сүйе біл» деген өсиетті алайық. Әдемі сөз. Бірақ өмірде оны қалай іске асырасың? Айталық, менің бір көршім мұсылман, енді бірі еврей, үшіншісі саған еріп шіркеуге мүлде бармайтын адам, төртіншісі Құдайға сенбейтін өз ағайының болса... Бұлардың қайсысы сонда менің «жақыным» болады? Бұл өсиетті тарқатып түсіндіру керек. Бұндай сауалдардың жауабы Исламда толық берілген, ал христиандықта ол жоқ, сондықтан осындай мәселеге байланысты әр дінбасыдан әртүрлі жауап естуге болады. 90-жылдардың басында Мәскеуге жиі жол түсетін болды, Арбатта болдым. Осы кезде Бхагавадгитті қайта оқи бастадым, кейін Інжілге ауысып, баптистердің шіркеуіне бас сұқтым. Кезек Құранға келгенде, бастапқыда оны бірден түсінбедім. Маған ол Інжілдің сығымдалған нұсқасы сияқты болып көрінді. Сосын қайталап оқи бастағанда кенеттен ондағы Ақиқатты ұқтым. Сол сәтте мұсылмандықты қабылдау үшін мешітке қарай жүгіре жөнелдім.  Өйткені Жаратушыға иман келтірмей жатып жолшыбай өліп кетем бе деген қорқыныш болды бойымда.

- Қатты қорықтыңыз ба?

- Бұрынғы таз қалпыма түсіп, Құдайдан қайта қол үзіп қалудан қорықтым. Мешітте алғашқыда маған секеммен қарады. Бұл оңай жол емес екенін ескертті. Бірақ мен шегінген жоқпын.

- Дін дегеніміз - сенім ғана емес, бұл әлеуметтік шарттылықтардың тұтас бір тобы. Жаңа мекенге жерсіну қиын болмады ма сізге?

- Оңай болған жоқ. Мәселен еденге отырып үйренуді алайық. Сосын өз жұмысымда мен тірі жануарларды бейнелеуден бас тарттым. Ол кезде Қырымда шариғаттың шартымен сойылған мал етін сатып алу қиын болатын. Тауықты өзім бауыздауыма тура келді. Басында Қырым татарларының тілін білмедім, қазір енді араб тілін үйренуге қажеттілік туып отыр.

- Достарыңыз қалай қарады?

- Құранда  «дінсіздерді дос тұтпаңдар» деп анық айтылған. Ол кезде мен бір әйелмен тұратынмын. Баламыз болды. Ол Иегова куәгері болатын, сондықтан Исламды жалған дін санады. Достарымда осылай қарады. Түсіндірмекші болып едім, ешқайсысы сөзіме құлақ асқан жоқ, сосын олармен қатынасымды үздім. Ал бір жылдан кейін жаңа достар таптым. Бастапқыда бәрі маған мешітке кездейсоқ кірген біреу болар деп күмәнмен қарап жүрді. Кейін түсінген соң бәріміз жақын дос болып кеттік.

- Ата-анаңыз қалай қабылдады?

- Ешқайсысы бұған қуанған жоқ (күледі). Әкеме айтып түсіндіріп едім, ол маған жауабын әлі өзімде білмейтін қиын сұрақтарды төпелетіп қойып тастады. Ал уағыздың арқасында шешемнің бетін бері қараттым. Кейін ол көп ұзамай Исламды қабылдады. Бірақ, шыны керек, бұл үшін маған 10 жылдай уақыт қажет болды.

- Ал әйеліңіз ше?

- Ол орыс тілінен сабақ беретін.  Біз шариғат бойынша некелестік. Бірақ ол көп уақытқа дейін иман келтірмей жүрді. Құдайға сенбеген соң әйеліңізді дәстүрге сәйкес киін деп тағы күштей алмайсың. Бұндай шешімді адамның өзі қабылдауы керек. Бірақ мен үмітімді үзген жоқпын. Нәтижесінде екі жылдан кейін әйелім де дінге кірді.

- Жаңа дінді қабылдағаннан кейін шығармашылығыңыз өзгерді ме?

- Әрбір суретшінің шығармашылығы уақыт өте өзгереді. Қалай сезетінін білмеймін, мұсылмандыққа дейінде мен осы кәсіппен айналыстым, бірақ кейбіреулер менің суреттерімде христиандықтың белгісі жоқ екенін айтады. Исламға дейін  пейзаждарды музыка тыңдап отырып әсіресе рок-музыканың әсерімен салатынмын, ал Исламда музыкаға орын жоқ, осы тыныштықтың әсері менің жұмыстарымнанда біліне бастады. Жалпы мұсылмандар қатты эмоцияға берілмей біркелкі тыныштықта өмір сүреді.

- Меніңше теледидардағы жаңалықтар сіздің сөзіңізді теріске шығаратын сияқты.

- Мен исламды қабылдаған кезде лаңкесшілер туралы әңгіменің бірде-біреуі болмаған. Әл-Кайда мен Шешенстандағы соғыс та болған жоқ. Жұрт мұсылмандардан дәл қазіргідей қорықпайтын.

- Ал жұрттың бүгіндері ислам туралы естіп-көріп жүргені ешкімді үркітпей ме?

- Ислам туралы айтылып жүрген қазіргі әңгімелердің барлығы  өзге жұрттың дінімізге қызығушылығын оятып, исламды жақынырақ танығысы келетіндердің қатарын көбейтуде. Теледидардың шындықты айта бермейтінін бәрі біледі.

- Батыс өркениеті мен ислам әлемінің арасындағы қырғи-қабақ көзқарас күшейген кездегі  алғашқы әсеріңіз есіңізде ме?

- Әрине, ыңғайсыз жағдай болды. Бірақ кейін Мәскеудегі жарылыстардың арандату үшін жасалғаны, 11 қыркүйектегі оқиғаның да дәл осындай ниетпен ұйымдастырылғаны туралы ақпараттар жарияланды ғой.

- Ал әлемнің көп жерінде мұсылмандардың қатысуымен болып жатқан соғыстар туралы не айтасыз?

- Біреулерге соғыстың болғаны тиімді. Ал кімге тиімді болса солар осыдан ақша тауып отыр деген сөз. Исламда мұндай нәрсе мүлде жоқ. Біздің дініміз бейбіт дін. Сенімен көрші тұратын, өзіңнен еш жамандық күтпейтін адамдардың арасында жарылыс жасауға болмайды. Бұл ислам емес. Жалпы Суннетті бекем ұстанатын мұсылмандар ешқашан басшыға қарсы шықпайды. Исламдағы ағымдардың көбісі-таза саясаттан туған. «Мұсылман бауырлар», «Хизб ут-Тахрир» солардың қатарында.

- Фундаменталистерге қалай қарайсыз?

- Пайғамбарымыз бен сахабалардың заманында қалыптасқан Құранның түсінігі бар. Мәселен, «Хизб ут-Тахрирлықтар» өз шейхтарын пайғамбардың ізбасарларынан жоғары қойып, аяттардың мағынасын өздерінше талдайды. Хабашиттерде солай. Бұларда өз шейхтарының сөзін ертедегі ғалымдардың пәтуасынан биік қояды. Бізде бір ғана принцип бар. Ол әуелгі негізден ауытқымау. Қырым молдаларының көбісімен бұл мәселеде ортақ пікірдеміз.

- Православияда шіркеудің ішіндегі күнә, шіркеудің күнәсі емес, керісінше күнә оған қарсы деген пайым бар. Бүгіндері ислам әлемінен қатыгездікті жиі байқаймыз. Осыған жауапты  қайдан табуға болады?

- Тек Құран мен Сүннеттен ғана. Жалпы Сирия, Иордания, Мысыр сияқты бірқатар ислам елдерінде христиандар баяғыдан бар. Ешкім оларға тиіспейді. Олардың шіркеулері мен синагогалары да сол күйі сақтаулы тұр. Ал Испаниядағы Андалусиядан дүние-мүлкін тартып алып мұсылмандарды қуып шыққанын білесіз. Югославиядада мұсылмандар  қырғынға ұшырады. Сондықтан Бүгінгі соғыста әлі аяқталып бітпеген сол крест жорықтарының жалғасы болып табылады. Бірақ әдіс-айласы сәл өзгерген. Қазір енді  шииттер мен сунниттерді бір-біріне айдап салып, мұсылман партияларын құрып, бізді жікке бөлуде. Сосын мұсылмандардың бірін-бірі қалай қырып жатқанын сырттай бақылап қана отырады.

- Сіздің пікіріңізше, ислам әлемінде болып жатқан оқиғалар дін дұшпандарының жымысқы әрекетінен туған ба?

- Әрине.

- Христиандар Иисустың атымен қаншама жамандық жасалғанын мойындауға дайын, ал  сіздерден осындай қадамды күтуге болама?

- Егер  Құранда бұған қатысты ешқандай дәйек табылмаса әрине.  Мұсылман дінбасыда қателеседі. Ол да пенде.

- Тәліптер Ауғанстандағы Будданың мүсінін жарып жіберді, естіген шығарсыз?

- Ал сіз Ауғанстандағы сол мүсіннің 21 ғасырға қалай аман-есен жеткенін ойлап көрдіңіз бе?  Оған дейінде осы өңірде мұсылмандар тұрған. Біреулерге Оны жарып, бүкіл әлемде дүрбелең туғызу қажет болды. Егер Будданың мүсіні мұсылмандарға зиянды болса баяғыда-ақ оны бұзып тастайтын еді. Александриядағы кітапхананы да мұсылмандар өртеген жоқ. Бұны христиандар істеген.

Мені түсінсеңіз Құранда осылардың барлығының жауабы берілген. Христиандармен қалай сөйлесіп, қалай араласуға болатынына дейін баяндалады. Тіпті жат діндегілермен қалай қарым-қатынас жасауға болатыны Құранда тұтас бір ғылымға пара-пар дүние десек болады. Ал христиандарда бұл жоқ.

- Сонда христиандармен ынтымақта өмір сүрудің мәнісі неде?

- Адасып жүргендерге уағыз жүргізіп, олардың қатесін түсіндіру керек. Бір нәрсені түсіну қажет, дүние өзгеріп барады. СПИД, нашақорлық, бетімен кеткен балалар, түсік тастау-осының бәрі христиандардың санын азайтуда. Ал мұсылмандарды бұндай кеселдер жалпылама айтқанда айналып өтуде.

- Орыстар сіздерге қалай қарайды?

- Қалыпты қарайды. Бірақ кейде мені Бен Ладен дейтіні бар (күледі). Дегенмен Қырымда исламды қабылдаған славяндар саны жыл сайын артып барады.  Басында мен жалғыз болатынмын, кейін қатарымызға екі орыс қосылды, сосын біртіндеп көбейе бердік. Бұрын көпшілігі мұсылмандарға күйеуге шыққан әйелдер болса, енді жасы қырыққа дейінгі ер адамдарда көптеп ұшырасады. Барлығын дінге алып келген қоғамдағы теңсіздік. Соңғы жылдардағы исламға қарсы бағытталған шаралар керісінше бұқараның дінімізге деген қызығушылығын арттыра түсті.

- Ислам өмірдің барлық тұстарын реттейді делік. Қарапайым сұрақтарға жауап іздеп келетіндер көп пе?  Кейде күмәнге  ерік беретін кезіңіз болмай ма?

- Қандай Күмәнді айтасыз?

- Енді суретші дегеніміз күмәнмен өмір сүретін адамғой..

- Өз жұмысыма күмәндануым мүмкін, бірақ дінге күмәнданбаймын.

- Сіз Құран мен Інжілді, мұсылмандар мен христиандарды жиі салыстырасыз. Неліктен?

- Өйткені мен бір кездері шіркеуге барып, талай мәрте Інжілді оқыған адаммын. Бұлар маған жақын тақырыптар. Сондықтан үнемі салыстырумен боламын. Өзіңіз ойлап көріңізші. Исламда ажырасуға рұқсат етілген, ал христиандар оған тыйым салады, бірақ Батыста ажырасқандар саны әлдеқайда көп.

- Сіз әлі орыссыз ба?

- Мен орыспын, бірақ ислам адамға Мұсылман я болмаса Дінсіз деп қана қарайды. Шетелде жүрген орыстарды сіз осының қайсысына жатқызасыз? Мен ұлтымды жоғалтсам да, Тәңірді тапқан адаммын.

- Бірақ Қырым татарлары мұсылман болсада Татар болып қала береді ғой.

- Татарлармен салыстырғанда мен таза мұсылманмын. Мен өзіме керектінің бәрін Құран мен Суннеттен аламын. Ал христиандықпен байланысқан ұлттық дәстүрлердің бәрінен   баяғыда бас тартқам.

- Қырымда өмір сүрген сізге қолайлы ма?

- Иә. Жалпақ тілмен айтқанда жақсы. Бауырларым кейбір ислам елдерімен салыстырғанда Украинада еркіндік көп екенін айтады. Ал Ресейдегі жағдай мәз емес. «Мұсылманның келбеті», «БірТәңірлік», «Мұсылман қорғаны» сияқты көптеген кітаптарға ол жақта тыйым салынған.

Менің Сабрина мен Амина деген екі қызым бар. Мектепте құрбылары оларға кейде тиісетін көрінеді. Өйткені балаларым басына орамал тағып, ұзын көйлекпен жүреді. Әрине мұсылмандар мұсылмандардың ортасында өмір сүруі тиіс, сондықтан біз оларға төзу қажет деп ақылымызды айтамыз. Бір жағынан мектепте  балаларыма Дарвиннің ілімін оқытқанын, олардың жаппай ішкілікке салынған адамдарды көргенін қаламаймын. Біз қазір уағыз жүргізіп, жұртты Исламға тартып жатырмыз. Мені жұбататын осы.

- Ал сонда өнер қайда қалады?

- Музыкамен қоштастым. Тірі жануарларды бейнелейтін өнердің барлық түрінен бас тарттым. Құранмен танысқаннан кейін әдебиет те мен үшін маңызын жоғалтты. Кинематография да уақытты текке өткізу. Қазір тек кескіндеме ғана қалды. Бұдан мен эстетикалық ләззат аламын.

- Сіз бұрыннан осындай байсалды адамсыз ба?

- Жоқ (күледі). Өте қызба едім. Қазір енді мені ашуландыру өте қиын. Негізі күшті деп ұстасқандарын шақ келтірмейтін адамды емес, өз ашуын ауыздықтай білетін адамды айту керек.

- Исламға дейін сізде ақшаға мұқтаждық болды ма?

- Мен Исламға дейін де, қазір де ақшаға мұқтаж болған адам емеспін. Мамандығымнан жеріген кезімде болған жоқ. Тек рухани ізденісте жүрдім. Айтпақшы, бірде санап көрсем менің картиналарымды әлемнің қырықтан астам елінде сатып алыпты. Олардың арасында мұсылман еместер де көп екен.

- Шетелде болдыңыз ба?

- Осыдан тоғыз жыл бұрын Сауд Арабиясына қажылыққа барып қайттым.

- Дінге қатты қарайтын бауырларыңыз сізбен  араласа ма?

- Иә, әрине. Олар сізді де сөзге тартар еді. Тіпті арадағы бұл әңгіме оларды емес, алдымен сізді мезі қылар еді. Біз ешкімге ешнәрсені танбаймыз, тек түсіндіреміз. Біздің әңгімеміздің нәтижесін Алла ғана шешеді.

- Ал жихад туралы не дейсіз?

- Бұл енді ең соңғы амал. Саған шабуыл жасаса-қорғануға қақың бар. Ал егер адам исламды қабылдамаса оны күштей алмайсың. Дінде зорлық жоқ.

- Құран жөнінде әңгіме қозғалғанда үнемі ондағы дінсіздерді өлтіру туралы аяттарды мысалға келтіріп жатады.

- Бұнда сөйлемнің жартысы ғана келтірілген. Ал оның екінші жартысында «егер сендерге шабуыл жасаса» делінеді. «Егер сендерге шабуыл жасаса, дінсіздерді өлтіріңдер» деген сөйлемнің олар «дінсіздерді өлтіріңдер» деген бөлігін ғана алып, қалғанын қырқып  тастаған.

- Ислам фанатиктері бар ма?

-Иә, «такфириттер» деп аталатын ондай ағым бар. Алланың елшісі бұларды тозақтың итері деп атап, кездескен жерде оларды өлтіруді бұйырған. Бұлар өздерінің қатарына кірмегендердің барлығын кәпірлер деп атайды. Бірақ біз Қырым мүфтиіне бағынамыз. Оның ой-пікірлері дәстүрлі исламға қайшы келмейді.

- Қандай жағдайда сіз қолыңызға қару алар едіңіз?

- Отбасым мен Үйімді қорғау үшін. Шабуыл жасалғанда ғана.

- Қандай жағдайда нағыз мұсылман соғысқа шығады?

- Алланың сөзі басқалардан биік болуы үшін, тек Алланың разылығы үшін ғана.

- Бұл дегеніміз жаулап алу соғысы емес пе?

- Сіз бұл өмірге өз қалауыңызбен келген жоқсыз. Сондықтан  ойыңызға келгенді істеп, өмірді текке өткізуіңізге еш негіз жоқ. Адамның бар ғұмырын тәуелсіздік декларациясының ырқына  бағындырып қоюға болмайды. Егер мұсылмандар  Христиандардың арасында уағыз жүргізе алса, христиандар мұсылмандармен бейбіт өмір сүре алады. Ешкімнің меншікті жері жоқ. Барлық жер Алланың меншігі.

- Бірақ мұсылмандар христиан уағызшыларын өз іштеріне кіргізбейді ғой?

- Жоқ, кіргізбейді (үнсіздік). Сізге бұл ақылға сыйымсыз болып көрінер. Бірақ  сіздер...

- Біз Мұсылман болмағандықтан ба?

- ...Сіз бұл дінді терең түсінбейсіз (үнсіздік). Біз христиандарды адасқандар санатына қосамыз. Сондықтан оны насихаттаудың не қажеті бар?

- Яғни, бұл сіздер үшін бұрыс жол болды ғой?

- Иә.

- Сонда христиандар мұсылмандардың экспансиясын күшпен тежеп отыруы қажет па?

- (үнсіздік) Ислам тарихында олар (христиандар) бірінші болып қатыгездікке жол берді. Бізге уағыз жүргізуге мүмкіндік берген жоқ, бағынғысы келмеді, қару алып қарсы шықты.

- Христиандармен ақылға келіп, келісімге келуге болады. Дәйегіңіз бен дәлеліңіз болса неге бәтуаласпасқа? Сізді ойыңызша бұл күштілік пе әлде әлсіздіктің белгісіме?

- Бұл әлсіздік (үнсіздік).

- Яғни, бейбіт өмір сүру мүмкін емес пе?

-  Алланың сөзі басқасының барлығынан биік тұрған жағдайда ғана мүмкін. Егер адам исламды қабылдағысы келмесе, онда ол салық төлеуі тиіс. Ислам мемлекеті Осы салығы үшін оны өз қамқорлығы мен қорғауына алады.

- Не уағызға рұқсат беру қажет, не жат дінде болғаның үшін салық төлеуің керек. Екеуінің біреуі ғана екен. Бұдан басқа жол жоқ па?

- Басқа жолы-соғыс. Бірақ бұл үшін елдегі халықтың көбісі мұсылмандар болуы қажет. Егер Англиядағы мұсылмандардың саны 80 пайызға жетіп, олар шариғатпен өмір сүргісі келетіндерін мәлімдесе, кім кедері жасайды?

- Сонда Еуропаның мұсылмандардан қорғанып жатқаны дұрыс болды ғой?

- Шариғатты қаламаса, мұсылмандардың қол астында өмір сүргісі келмесе бір жағынан олардікі де дұрыс  әрине. Діндар адамға дінсіздердің қайсысы бағынғысы келеді дейсіз. Бүгінгі таңдағы біздің амалымыз - тек насихат қана. Егер қолдан келмесе - төзе тұру керек. Егер ол өңірде мұсылман мемлекеті болмаса мұсылмандардың бірде-біреуінің жалаң күшке сүйенуіне қақы жоқ. Егер біз зайырлы елде тұрсақ, оның заңына бойсұнуға міндеттіміз. Мұсылмандар заңға бағынатын адамдар.

- Сізде соғыс жақындап келе жатқандай әсер жоқпа?

- Жоқ.

- Яғни, сіз соғыстың болатынына сенбейсіз ғой?

- Сіз менің әсерім туралы сұрадыңыз, сұрағыңызға жауап бердім...

 

 

Тәржімалаған Жолымбет Мәкішев.

Abai.kz

0 пікір