Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 1601 0 пікір 12 Желтоқсан, 2022 сағат 13:07

Елшінің міндеті "аяқ санау" емес...

Ресейдің Қазақстандағы өкілетті елшісі Алексей Бородавкин: “Әрбір қазақстандық екі аяқта нық тұруы тиіс: бірі мемлекеттік тіл – қазақ тілі, екіншісі, Қазақстан Конституциясында көрсетілгендей ресми тіл –орыс тілі. Бұл екі аяқтың екеуі де бірдей болған жағдайда ғана алға қадам баса алатынын ескеру керек”-дейді.

"Жә" делік бұған да - онсыз да әрбір қазақта "екі аяқ" бар. Ал, қазіргі қазақ жастарында, тіптен, "үш-төрт аяқтан" бар!

Ендеше, біздің елімізде "жалғыз аяқпен", ал, қолы жеткені "жалғыз аяққа балдақ қосып" жүргендер кімдер?

Міне, РФ елшісі соларға айтып отыр ма деймін: "Екі аяқтарың болсын" деп...
Ал, олардың "бір аяқпен" (орысшасы) шошаңдап секіріп, оған әбден үйреніп қалғаны соншалық: "Мә саған тағы бір аяқ, тегін берейік" (қазақ тілі) десең де алмайды ғой!...

Енді қайттік?

Енді мұнымен "тіл полициясы айналыссын" дегендей ме Елші мырза...
Полиция олардың балдақтарын лақтырып, оларға "тағы бір аяқ" (қазақ тілі) салып бермесе шаруа бітер емес...

Ал, Елшіге айтарымыз мынау: Сіздің міндетіңіз Тәуелсіз ел тұрғындарының "аяқтарын санау" емес.

Сіздің міндетіңіз - Ресей мен Қазақстан арасында бейбітшілік болуын, татулық болуын қамтамасыз ету.

Аяқтарды өзіміз санап ала жатармыз...

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

0 пікір