Жұма, 17 Мамыр 2024
1208 2 пікір 30 Қараша, 2022 сағат 13:00

СІМ: "Әбләзов мәселесі талқыланбайды"

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция президенті Эмануел Макрон сотталған Мұхтар Әбләзовтың мәселесін талқылай ма? Бұл сұраққа Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко жауап берді, деп жазды Ulysmedia.kz.

«Әбләзов мырза туралы айтар болсақ, бұл мәселе көптеген елдің құқық қорғау органдарының мәселесі. Бұл тақырып саяси деңгейде талқыланбайды. Қазақстанның ғана емес, басқа да елдердің, Еуропа елдері мен АҚШ-тың құқық қорғау органдары мен соттары айналысатын мәселе. Өздеріңіз білетіндей, Әбләзов мырзаны Қазақстанның соты 20 жылға соттаған. Сонымен қатар, олар Лондонның Жоғары сотының үкімімен БТА банкінен 4 млрд теңгені жымқырғаны үшін де сотты болған. Қазір білуімше, АҚШ, Ұлыбритания мен Францияда да оған қатысты сот процестері жүріп жатыр. Оған қоса, бұл процестің екінші тарапы БТА банкі, Алматы әкімдігі мен ҚР Әділет министрлігі. Сол себепті бұл мәселе құқықтық деңгейде», - деді Василенко мәжіліс кулуарында.

Мұхтар Тілеубердінің орынбасары «саяси деңгейде бұл мәселе талқыланбайтынын қайталап» айтты. Ал экстрадация мәселесі бойынша ол былай деді.

«Қазақстан мен Франция арасында оны экстрадациялау туралы келісім әлі жасалған жоқ. Бұл мәселе француз тарапымен ары қарай талқыланады. Білуімше, Францияда Әбләзовтың өзіне қатысты сот процесі жүріп жатыр», - деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін Францияның Le Figaro ақпарат көзі Әбләзовтың мәселесі Тоқаев пен Макрон деңгейінде талқыланатыны туралы мәлімет таратқан еді. Аталған газеттің 28 қарашасында жарияланған мақаласында былай делінген: «Франция мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың негізінде Эмануел Макрон мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елисей сарайында сейсенбі күні өтетін кездесуінің орталығындағы шиеленіскен сот ісі жатыр. Ол – Францияда саяси босқын болған олигарх Мұхтар Әблязовтің ісі».

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2107
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2520
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2214
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625