Жұма, 17 Мамыр 2024
1350 0 пікір 29 Қараша, 2022 сағат 12:45

Өскемен ЖЭО жұмысынан ақау шықты

Өскемен қаласындағы жылу электр орталығынан ақау шықты. Жылу электр орталығының хабарлауынша,  27 қарашада сағат 08:27-де датчиктердің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты №15 қазандық өшіп қалған.

Сағат 10:05-те аталған қазандық қайта іске қосылды. Барлық жабдықтардың жұмысын қадағалау күшейтілді.

Бұдан бөлек, желілік судың айналуына қатысты мәселе туындаған. Соның салдарынан қала тұрғындары үйлерінде жылудың азайғанына шағымданып жатыр.

«Қазіргі уақытта ЖЭО штатты режимде жұмыс істеп тұр. Онда 7 қазандық пен 6 турбоагрегат бар. 2 қазандық агрегаты кестеге сәйкес жөндеуден өтуде. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін мамандар саны арттырылды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін желілік судың температурасы қалыпқа келеді», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Өскемен ЖЭО 2017 жылдың сәуір айында "Қазақстандық Коммуналдық жүйелер" ЖШС-не өтті. Оның иесі –  Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулинге құда болып келетін олигарх Дінмұхамет Ыдырысов.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624