Жұма, 17 Мамыр 2024
1579 5 пікір 28 Қараша, 2022 сағат 12:10

Нүкіс оқиғасы: 22 адам айыпты

Бұхарада 28 қарашада Нүкісте 1−2 шілдеде өткен жаппай наразылық шарасына байланысты ашық сот отырысы өтеді. Бұл іс бойынша 22 адам айыпталып жатыр. Бұл жөнінде Өзбекстанның Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Азиз Абидов хабарлады.

Айыпталушылардың толық аты-жөні төмендегідей: Дәулетмұрат Тажімұратов, Лолагүл Каллыханова, Азамат Тұрданов, А. Сметуллаев, Д. Жиемуратов, Б. Қадірбергенов, Б. Сейтниязов, А. Тоқимбетов, К. Сейтимов, А. Нуратдинов, С. Медетов, Н. Найыпов, П. Шамшетов, Р. Бекмуратов, С. Каипов, Б. Генжебаев, С. Калилаев, П. Нурниязов, С. Калимов, Н. Султамуратов, А. Темирханов және А. Адилбеков.

Олар жалпы Қылмыстық кодекстің 11 бабы бойынша айыпталып жатыр. Олардың арасында әдейілеп денеге ауыр жарақат салу, Өзбекстан Конституциясына қастандық жасау, қылмыстық жолмен келген қаражатты заңдастыру, жаппай тәртіпсіздік жасау, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін заттарды дайындау, сақтау және тарату, қару-жарақ сақтау, бұзақылық секілді баптар бар.

Бұл оқиғаны зерттеу бойынша құрылған парламенттік комиссия ұсталған 107 адамның босатылғанын хабарлаған. Комиссия мүшелері сотта бақылаушы ретінде қатысады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2106
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2518
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2213
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625