Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 1793 1 пікір 27 Қараша, 2022 сағат 17:09

Мархабат Байғұт өмірден өтті

Жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт 77 жасында өмірден озды.

Abai.kz порталы қаламгердің жақын-жуығына қайғарып көңіл айтады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі:  "Болмысы бекзат, бітімі бөлек, жазуы ерек, жаны жайсаң, алашқа ардақты, қалың қазаққа қадірлі қаламгер Мархабат ағаны ақтық сапарға, мәңгілік мекеніне шығарып салдық.

Қаралы қауымға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көңіл айту сөзін жеткіздім”,-деп жазды өзінің әлеуметтік парақшасында.

Мархабат Байғұт 1945 жылы 25 мамырда Түркістан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы аудандық, облыстық басылымдарда, облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарған. Жазушының «Шілде», «Нәуірзек», «Қорғансыз жүрек», «Серт пен сенім» және тағы да басқа кітаптары жарық көрген. Оның шығармалары орыс, украин, өзбек, түрік, қарақалпақ, саха тілдеріне аударылған. Сонымен қатар, қаламгер В.Шукшиннің, Ю.Покальчуктің, Ш.Айтматовтың шығармаларын, У.Ирвингтің Мұхаммед пайғамбар туралы кітабын қазақ тіліне аударған.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2112
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2525
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1626