Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2648 0 пікір 14 Ақпан, 2013 сағат 11:55

Түкібай түсінбегенді, Үкібай түсінеді немесе «Ду-думан» жайында бірер сөз

«Ду-думан» жобасы көңілге көп ой сал­ды. «Хабар» телеарнасынан берілген бұл бағдарлама өткен жылдың ең үздік жобасы десе де болғандай. Әйтсе де, айтатын мәселе аз емес.

Біз «Ду-думандағы» қойылымдарды басынан аяғына дейін баяндап, ол туралы қайтадан айтып жатқымыз жоқ. Себебі оның бәрі кезінде қазылар алқасы тара­пынан өз бағасын алды. Сондықтан бұл арада конкурстан тыс орындалған шы­ғармалар мен байқаудағы өзіміз байқаған кей тұстарға тоқталып, сол төңіректе ой қозғағанды жөн санадық.

Ең алдымен, «Ду-думан» жобасына қатысқан барлық әзіл-сықақ театрлары­на ризашылық білдіргіміз келеді. Содан кейін осы жобаны өмірге әкелген автор мен «Хабар» телеарнасының басшылы­ғына, шығармашылық ұжымға да айтар алғысымыз шек­сіз. Әйтсе де көңілге көп ой салған жоба туралы айтар сөз аз емес.

«Ду-думан» жобасы көңілге көп ой сал­ды. «Хабар» телеарнасынан берілген бұл бағдарлама өткен жылдың ең үздік жобасы десе де болғандай. Әйтсе де, айтатын мәселе аз емес.

Біз «Ду-думандағы» қойылымдарды басынан аяғына дейін баяндап, ол туралы қайтадан айтып жатқымыз жоқ. Себебі оның бәрі кезінде қазылар алқасы тара­пынан өз бағасын алды. Сондықтан бұл арада конкурстан тыс орындалған шы­ғармалар мен байқаудағы өзіміз байқаған кей тұстарға тоқталып, сол төңіректе ой қозғағанды жөн санадық.

Ең алдымен, «Ду-думан» жобасына қатысқан барлық әзіл-сықақ театрлары­на ризашылық білдіргіміз келеді. Содан кейін осы жобаны өмірге әкелген автор мен «Хабар» телеарнасының басшылы­ғына, шығармашылық ұжымға да айтар алғысымыз шек­сіз. Әйтсе де көңілге көп ой салған жоба туралы айтар сөз аз емес.

Салғаннан айтайық, жобаға қатысқан театр орындаушыларының өнері бәрі бір­дей көңілден шыға қойған жоқ. Қазақта «әжептәуір ән еді, пұшық айтып қор қыл­ды» деген астары мол аталы сөз бар. Актерлік өнер, қанша дегенмен орын­даушылық өнер екені белгілі. Қаншама талантты, қаншама ұлы болғанымен, ол автордың жазып бергенін айтады. «Сахна көркі - тіл» дейтіні сондықтан. Бірақ бізде қазір артистер өзі жазып, өздері орын­дайтын әдет тапты. Бұл жақсы ма, жаман ба, қандай нышанның белгісі екенін біл­меймін, бірақ тілге салдыр-салақ, сөзге немқұрайды қарау белең алып бара жат­қандай. Әйтеуір басын бір бастап алады да, тойда отырған тамададай «қуа» жөнеледі. Көрерменнің қабылдамайтын, жерінетін, жалығатын тұсы - осы. Өйткені оған «мә­тін­­нен ауытқып кеттің» деп ескерту айтып жатқан автор жоқ. Автор өзі, ал автор өзі болғаннан кейін «өз сөзім - өзімдікі» деп өзеурейді: оқиғаны айтып, бар дүниені баяндап берсе болғаны. Әйтпесе, сөз жат­тау - актер шеберлігінің ең соңғы са­тыда тұрған керектілерінің бірі емес пе?! Ал сөзсіз сахналық бейне жасаймын деу - құр бекершілік, мүмкін де емес. Себебі ак­тер­дің аузынан шығатын әрбір сөздің тағ­дыры, көрерменге әсері көгілдір экранда қатты байқалады. Өйткені артист көрер­мен­нің көз алдында: оның тұлғалық қа­сиеті, сөз саптау үлгісі бірден білінеді. Егер бүгінгі әзіл-сықақ театрларының артистері өздерінің туа біткен таланттарын «Ду-думан» жобасы арқылы ел алдында паш етіп, актерлік шеберліктерін көрсеткісі келсе, бұл кеңесті әрдайым есте ұстаған­дары жөн дер едім.

Дәл бүгінгідей жаһандануға жұтылып бара жатқан кезеңде сөйлеу мәдениеті­нің төмендегені, тілдің эстетикалық табиға­тының әлсірегені байқалады. Бұл кітап оқымайтын, кітап түгілі, күнделікті газет-журнал қарамайтын ұрпақтың қалыпта­сып келе жатқандығын көрсетеді. Қазіргі жастар күнделікті өмірде тез, қарапайым, жеңіл сөйлеу жағын қарастырады. Ал теледидар, театр сахнасы осы жастарды тәрбиелеудің бір қайнар көзі екенін еске тұтсақ, сахна адамға тілдік білім беріп, тілдік дағдысын тұғырлап, тіл меңгерген тұлғаның қалыптасуына ықпал етсе керек-ті. Сондықтан «Ду-думан» жобасына қа­ты­сушы әзіл-сықақ театрлары алдағы уақытта осы жағына көбірек мән беріп, бейнелі де астарлы, әзіл-әжуалы, сати­ралық уытқа толы, юморға бай, сахналық тілмен сөйлеуді қалыптастырса екен деген тілек бар. Оған бүгінгі сатириктеріміздің де, артистеріміздің де Құдайға шүкір, тіл байлығы жетеді.Ең ескеретіндері сол, көрерменді бір ауыз сөзбен күлдіремін деп отырып, бүлдіріп алып, өздері күлкіге қал­мау жағы.

Шындығына келсек, әзіл-сықақ театр­ларының азығы - сатиралық шығармалар. Олар формасына қарай сатиралық мо­нолог, интермедия, мысал, сықақ өлең, пародия сияқты жанр-жанрлармен ірік­телуі мүмкін, бірақ бәріне тән негізгі ерек­шелік - оның тәлім-тәрбиелік қызмет атқаратындығында. Сатиралық шығар­маның сахнадан көрініс табуы сатириктің идеялық көркемдік жоспары мен режис­сердің шешіміне тығыз байланысты. Қыс­қасы, шығармашылық топтың қызметі, әзіл-оспақтың қайнар көзі, артистердің ұстаханасы - «Ду-думанда» көрініс тауып жатса, ол қуанарлық та, құптарлық жайт. Әйтсе де осы арада ескере кететін бір мәселе бар: қазір осындай конкурстарды, байқауларды қолға алып, өткізе бастадық. Дұрыс. Құптайсың. Бірақ айтыс сияқты ол да ертеңгі күні ақша табудың, жүлде үлес­тіру, көлік алудың, пайда табудың бәсе­кесіне айналып кетпесе екен...

Ең басты ұтқанымыз, «Ду-думан» жо­басында әзіл-сықақ театрларының бір-біріне деген құрметі мен сыйластығы кө­рінді. Әзілкештеріміз әріптестерінің шы­ғуына немқұрайлы қарамай, қайта қол ұшын беріп, қолдау білдіруі - үлкен же­тіс­-тік. Әсіресе, бас жүлде - шағын автобус алған «Шаншарға» іштарлық көрсетпей, құштарлық танытуы құптарлық. Демек, бұл жобада материалдық игілік­терден гөрі моральдік құндылықтар басым болды деу­ге негіз бар. Содан кейін қадамын енді ғана тәй-тәйлап басқан жас театрлар да аға театрдың тәжірибесін ала білді деген ойда­мыз.

«Біткен іске сыншы көп» дейді дана халық. Қазылар алқасының мүшесі Ирак Елекеев «мен бұл қойылымнан түк те тү­сінген жоқпын» де­се, бұл бекерден-бекер айтыла салған сөз емес: бұл жерде бір жетіспеушілік бар. Не жетіспейді? Әңгіме соның сыр-себебіне үңіліп, сол жетіспей тұрған нәрсені тауып, жіп болса, жалғап жіберу керек. Сонда олқы түскен тұстың орны толады. Әйтпесе, «сіз ештеңе түсінген жоқсыз ғой» деп Қуандықша әзілге бұрып, қалжыңға салып кете беруге болар. Біз бұл арада Ирак Елекеев айтқан қойылымда образ былай тұрсын, толыққанды дүние жасалмағанын, сахналанбағанын, шикі дүниені шыға­ра­мын деп сүрінгенін, ақ­са­ғанын айта кетуі­міз керек.

Тіл демекші, «Ду-думанды» көріп оты­рып, кей қойылымдарын диктофонға жазып та алдық. Сосын оны қайта-қайта тыңдап, аяғында қағазға түсіріп те көрдік. Ирак ағамыздікі жөн: сөздері түсініксіз, логика жоқ. Кемшілік сол - артистер сөз­бен жұмыс істемеген. Өйткені дұрыс сце­нарий жоқ, ал сценарий бар дегеннің өзін­де оның ішінде сөзбен жұмыс істей­тін сөз жоқ. Бөстекі, көпірме, лепірме бір­деңелер. Бұл арада өздері жазғыш ар­тис­теріміз «айтылған ауызекі сөздер сахнаның тіліне ыңғайланған ғой» деп ақталмай-ақ қойсын, қажеті жоқ. Сахна әрқашан сұ­лулықты сүйеді. Әйтпесе «айтылатын» сөз бен «оқылатын» сөздің ара-жігін бүгінгі көрермен бір кісідей ажырата біледі. Бұл арада жауапсыздық жатыр: «асығыс болды, алғашқы болғаннан кейін солай ғой... анау-мынау» деп те себептен қорған із­деудің реті келмейді. Олай деуімізге бір емес, бірнеше негіз бар.

Менің түсінігімше, әр хабардың тә­лімдік, танымдық, тағылымдық әсері бо­луы тиіс. Сондықтан да «Ду-думан» әр кезең бойынша берілетін қойылымдарды үстірт, жеңіл, қалай болса солай қарап, эфирден өткізе салмау керек. Олардың әр сөз, әр қимыл-әрекетінде көрерменнің тілін дамытудағы, сөздік қорын байы­ту­дағы, сахналық тіл нормасына сай сөйлеу, айта білу дағдысын қалыптастырудағы, юморлық сезімдер мен логикалық ойлау жүйесін жетілдірудегі орнымен қатар, экран алдындағы көрерменнің дүние-танымын дамытудағы рөлін де ескеру қа­жет. Өйткені тіл мен таным тығыз бай­ланысты: тілдің танымдық сипаты сөз ар­қылы анықталатынын ескерсек, айтыла­тын ой да сол арқылы көрерменге жетеді. Он­сыз ешқандай көрерменді сендіріп, еште­ңеге иландыра да, күлдіре де алмай­сың. Ирак ағамыз айтқан «түсінбестік» осы арадағы байланыстардың жоқтығы­нан және ол қойылымда есте қалар ұғым­ның болмауы деп қабылдауымыз керек. Себебі ұғым бар жерде мағына бар, мағы­на бол­маса ұғым да жоқ. Ал екеуі болмағаннан кейін кім не түсінсін?! Демек, ондай шы­ғармада ой да, қорытылып берілген бейне де болмайды деген сөз.

Барлық телеарналараға ортақ мәселе болғандықтан, тележүргізушілер жайын­да да бірер сөз айта кетейін: соңғы кездері қазақ ұлтына жат, табиғатына кірікпейтін быдық сөздер мен оғаш қимыл-ишараттар пайда бола бастады. Керек десеңіз, тіпті сол әрекеттердің заманауи деп бүркеме­леніп, бүгінгі өмір салттарына да біртіндеп көшкенін көріп жүрміз. Кейбірі өзіміздің қазақи ырғақ-мақамымызды, су түбіндегі маржан тілімізді жоғалтып, жеңіл сөзге ден қойып, дауыс ырғағымызды бұзып, тәлпіштікті былай қойғанда шолжаңдауға айналды.

Басқасын айтпағанда, телехабар жүр­гізетін кей қыз балалардың отырғандары ойлантады: әдетте қыз баласы екі тізесін қосып, қосылған тізені бір жағына қисай­тып, жинақы отырушы еді, бүгінгі теле­жүр­гізушілер мамық креслоға жайғасып алып, аяғын айқастырып, санын жалты­ратып, «барым осы» дегендей кейіп таны­тады. Киген көйлектеріне дейін көңіл көн­ши бермейді: омырау тұсының ашық тұратыны соншалықты, еңкейсе бар «бай­лығы» түсіп кететіндей көрінеді. Енді, ерсі-ақ... Сонда деймін-ау, хабарды түсіріп отырған режиссер не қарап отыр? Бас ре­дактор бос емес екен, көркемдік кеңес бар емес пе? Көркемдік кеңес қазір хабарды көрмей, эфирден жібере салатын болған ба?.. Телехабар тәрбие құралы екенін ұмытпасақ екен.

Тележүргізушілік сахнада ән салып, бір кейіпкердің рөлін сомдау емес. Екеуі - екі бөлек нәрсе. Оны қайбір жылы қысқы Азиадада тікелей хабар жүргізіп, ащы-тұщысын татқан әнші Мәдина Сәдуақа­сова жақсы білсе керек. Ал Жұлдызайдың жүргізушілік тұсауын біз сөз етіп отырған осы «Ду-думан» кесті. Жасыратыны жоқ, алғашқы хабарын Жанатбектің жетегі­мен, өзінің жетесімен алып шықты. Жетесі болмаса қайтер едік?! Оспанхан айтпақшы, «Жетектегі жетесіз, жетесіз болса не етесіз? Жетекке алып қайтадан, ауылыңызға ке­тесіз» деп «Адам жетектеген адамды» еске алып, әндетер ме едік?! Сондықтан теле­жүргізушілерге көп оқы, көп ізден, мәтін­мен көбірек жұмыс жаса дер едім. Мұ­нымды түсіністікпен қарап, қазақтың сөз өнеріне аса мұқият болып, маңызына зор мән беруден туған шын жанашырлық деп ұғар деген ойдамын.

Тағы айтарым, «Ду-думан» үздік сце­нарийлерге бәйге (құдай-ау, бір жапырақ қағаз ғой) жариялап, «Хабар» телеарнасы қосымша «Әзілкештер академиясы» деген он минуттық хабар ашса деймін. Одан телеарна ұтпаса, ұтылмайды: сатириктер бір рет, артистер екі рет, көрермен мың рет байып шығары сөзсіз. Қалай дейсіз бе, аталмыш академияның «ректордан» бас­тап, «кафедра меңгерушісіне» дейін атқа­ратын жұмысы жеткілікті, ең бастысы, әзіл-сықақ жанрына жазатын «талапкер­лер» көбейеді.Олжа ма, олжа! «Ойбай-ау, ол он минутта не береміз, оны немен тол­ты­рамыз?» деп бас қатырмай-ақ қойсын, қозғайтын мәселе жетеді. «Ду-думанның» барысы мен жарысын айтпағанда, әр театрдың тарихы, артисі, режиссері, олар­дың жоспары, әзірлігі, сықақшылармен сұхбат, тағысын тағы.Міне, одан күні кеше ғана алпыс - талтүсін тойлаған Еркін Нұ­разханнан бастап, Айдарбек Ғазиз, Бақ­тыбек Сияевке дейінгі суретші-кари­ка­турашыларымыз де шет қалмай, «шеруге» шығар еді. Әкім Ысқақ пен Жарылқасын Дәулет тұқымы тұздай құрыған әзіл ән­дер­ге әуен жазып, Ғаббас Қабыш, Үмбетбай Уайдин ағаларымыз мәре-сәре күй кешіп, нағыз «Ду-думан» сонда болар еді. Ара-арасында «қашанғы күле береміз?» деп, бір сәт Садықбек Адамбеков, Жүсіп Алтай­баев, Сақтапберген Әлжіков, Балғабек Қыдырбекұлы, Шона Смаханұлы, Ос­пан­хан Әубәкіров, тағысын тағыларды еске алып жатса, несі айып? Күні кеше күңі­рен­тіп, қазақ сатирасының Қажытайы өтті

бұ дүниядан.Өкініштісі, сол ағаларымыз туралы бір деректі фильм жасай қалғыңыз келсе, денінің бейне көрінісі мен дауыс­тарын таппайсыз. Негізі, Тургенев дұрыс айтады: «Әзіл-оспақты сүймеген - әділетті сүймейді».

«Оны түсінетін бала қайда?» дейсіз бе? Үкібайға Түкібайдан сәлемді сол үшін жолдап отырмын.Түкібай түсінбегенді Үкібай түсінеді...

Балапан БАЗАР

"Айқын" газеті

 

 

0 пікір