Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2097 0 пікір 14 Ақпан, 2013 сағат 11:53

«Қара тізімдегі» үш қылмыскер

«Интерпол» Халықаралық полициясының қырына қазақстандық 55 адам іліккен. Олардың арасында халықтың ақшасын аяусыз тонап, Швейцария асып кетен Виктор Храпунов және оның бизнеске жақын әйелі Ләйлә Храпунова, «БТА банкін» тақырға отырғызып, миллиардтаған ақшаны жымқырған Мұхтар Әбілязов та бар. Айта кетейік, әлемге «қазақстандық олигарх» атымен танылып жүрген Рахат Әлиев те бұған дейін «Интерполдың» назарына іліккен еді. «Қара тізімдегі» үшеуге тек Қазақстан тарапы емес, бүкіл әлем көз салып отыр десек, артық айтпаспыз.

 

«Интерпол» Халықаралық полициясының қырына қазақстандық 55 адам іліккен. Олардың арасында халықтың ақшасын аяусыз тонап, Швейцария асып кетен Виктор Храпунов және оның бизнеске жақын әйелі Ләйлә Храпунова, «БТА банкін» тақырға отырғызып, миллиардтаған ақшаны жымқырған Мұхтар Әбілязов та бар. Айта кетейік, әлемге «қазақстандық олигарх» атымен танылып жүрген Рахат Әлиев те бұған дейін «Интерполдың» назарына іліккен еді. «Қара тізімдегі» үшеуге тек Қазақстан тарапы емес, бүкіл әлем көз салып отыр десек, артық айтпаспыз.

 

Ақша тонау, адамдарға әлім­жеттік көрсету бойынша айыптал­ған 50 жасар олигарх Рахат Әлиев­тің айналасындағы дау-дамай ба­­сы­лар емес. Жуырда rg-rb.de сай­тында қазақстандық экс-сая­саткерге қатысты бірқатар тың ақпараттар жарық көрді. Рахат Әли­ев соңғы екі жылда жаңа от­басымен Мальтада өмір сүріп жа­тыр. Айта кету керек, табиғаты ке­ліс­кен Мальтада тұруға Австрия тарапы рұқсат берген еді. Ал Әлиевтің қолынан зардап шеккен азаматтардың құқығын қорғап жүрген берлиндік Лотар де Мезьер есімді құқыққорғаушы Әлиевті құрықтай алмай әлек. Әйткенмен, Мальта билігі неміс құқық қорғау­шысының барлық сұранысына тіл қатпай келген. Басты себеп - Мезьер мырзаның өтініші аралды мемлекеттің заңдық талаптарына сай келмейді-міс. Десек те, жақы­нарада аталмыш жағдай өзгеше өр­битін сияқты. Өткен айдың ба­сында Мальтаның премьер-ми­нис­трі Лоуренс Гонци Әлиевтің аралды мекендеуі қаншалықты заңды екенін тексеретінін айтып, Германияның канцлері Ангела Мер­кельге уәде берген еді. «Мәсе­ленің қаншалықты ушыққанын жақсы білемін, Мальта тарапы бұған бей-жай қарамайды» деген премьер сол сәтте. Бірер айдан соң Мальтада кезектен тыс пар­ламент сайлауы басталмақ. Дәл осы саяси науқанның кезінде Рахат Әлиевтің жағдайы ушыға түсуі мүмкін. Пре­мьер Генци Әлиев ісіне қатысы бар барлық аза­маттарды тергеуге қаты­суға үн­деп отыр. Ал германияда 2011 жылдың наурыз айынан бері Әлиевке ақша бопсалады деген айып тағылды. Қылмыстық іске Крефельд қаласының маңында ор­наласқан Metallwerke Bender Rhei­nland GmbH метталургиялық ком­паниясы түрткі болған. Рахат Әли­ев аталмыш компанияны Armorial Trading фирмасы арқылы сатып алыпты. Крефельд проку­ра­труасы Әлиевке тиесілі неміс ком­паниясы адамдардан ақша боп­салап, заңсыз әрекеттерді жү­зеге асыру үшін жұмыс істеген деп күдіктенеді. Bender компа­ниясы арқылы 9,45 миллиона еуро боп­саланған. Бір айта ке­тер­лігі, атал­мыш сома Әлиев Авс­траия­дағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі болған тұста боп­са­ланған екен. Тіпті, сол кез­дерде Рахат Әлиев адамдардан миллиард­тап ақша соратын фир­маларды аш­қан. Енді Германия тарапы Әлие­вті тергеуге алуды көздеп отыр. мальталықтардың мәселенің мән-жайын тексеруге алғанын ескерсек, Рахат мырзаға тықыр таянғаны анық. Әйткенмен Лон­дон­да Әлиевті жақтаушы топ құ­ры­лып, қазақстандық олигарх­ты экстрадициялауға барынша бөгет болып отыр.

«Қара тізімге» қос құда Мұхтар Әбілязов пен Виктор Храпунов та енді. Өткен жылы Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов «Ал­ма­тының әкімі болған тұста да, ми­нистр тағында отырғанда да мен ешбір қаражат жинаған емес­пін. Швейцариялық есеп-шотым бол­ған емес, қазір де жоқ. Отба­сы­н­ың байлығы - әйелімнің жиған-тер­гені. Ол Қазақстанда белгілі кәсіп­кер болған. Екі балам да бізге тәуел­ді емес. Мәселен, ұлым Ілияс жылжымайтын мүлік саласындағы беделді кәсіпкер» деп ағынан жарылған еді швеца­рия­лық басы­лымға берген сұхба­тында. Дерек­терге сенсек, 2009 жылы Храпунов мырза Швейца­риядағы байлардың тізіміне енген экс-әкімнің байлығы 300-400 мил­лион франк болған. Бұл ша­ма­мен, 288,5-384 миллион дол­лар­ды құрайды екен. Ал Швей­царияның RTS телеарнасының таратқан ақпаратына жүгінсек, швейцариялық билік Виктор Хра­пунов пен оның отбасының банк­тердегі есеп-шоттарын түгел жап­қан. Ол ол ма, енді швейцария­лық прокуратура Храпуновты тер­геуге алып, 323 миллион дол­ларлық қаржы қайдан келгенін сұрап, тергеуге алмақ. Енді «Ин­тер­пол» Храпуновты «қара тізім­ге» енгізді. Экс-әкім һәм саясат­кер Храпунов пен оның бизнеске жақын әйелі Ләйлә ханымның басына қара бұлт үйірілді. Швей­царияда Храпунов­тер отбасы ғана емес, 7 миллиард теңгені қалтасы­на басып, шетелде тайраңдап жүр­ген Мұхтар Әбілязов та жа­сырынып жүр деген ақпарат бар. «Le Monde» басылымы қос құдаға қатысты тағы бір ақпаратты жа­рия етті. «2012 жылдың ақпан ай­ында британдық сот Мұхтар Әбі­лязовты Ұлыбританияда сатып алынған 40 миллион долларлық қос мүлік жөнінде жалған ақпарат таратты деген айыппен 22 айға түрмеге тоғыту туралы шешім шығарған. Әйткенмен Әбілязов қашып тынды. Ұзынқұлаққа сен­сек, Мұхтар мырза Швейцарияда бой тасалап жүр. Бұл өз кезегінде швейцариялық билікке тағы бір «тосын сый» жасалып, Швей­ца­рия­ны жаңа айыптаулар мен әш­керілеу күтіп тұрғанын аңғартса керек» деп жазылған «Le Monde» басылымында. Шамасы Әбілязов құдасы Виктор Храпуновты пана­лап жүрсе керек.

Швейцариядағы есеп-шоты түгел жабылған Виктор Храпунов, Ұлыбритания сотынан қашып жүр­ген Мұхтар Әбілязов, Мальта мемлекетіне дауға қалдырған Рахат Әлиев өздерін тағы масқара етуде. Енді «Интерпол» «үш қыл­мыскердің» тиісті жазасын беруді көздеп отыр.

Бекарыс БАҚЫТ

"Айқын" газеті

 

0 пікір