Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6372 0 пікір 14 Ақпан, 2013 сағат 11:24

Қызылорда қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласының активіне жаңа шаһар басшысын таныстырды. Қалалық мәслихаттың келісімімен бұл қызметке осыған дейін Шиелі ауданын басқарған Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды.

Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы 1976 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген ол өзінің еңбек жолын «Казахойл-коммерция» серіктестігінде мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. Кейін «Бұлақ» ЖШС директорының орынбасары, «Стандарт ОйлБейс» және «Стандарт ОйлТрейдинг» ЖШС-лерінің директоры, «СтандартГаз» ЖШС директорының орынбасары, «ХаррикейнОйлПродактс» ШАҚ Қызылорда бөлімшесінің директоры, «ҚызылордаМұнайСервис» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарған. 2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы болды. Ал 2008 жылдан осы күнге дейін Шиелі ауданын басқарып келді.

Аймақ басшысы жаңа лауазымда оған сәттілік тілеп, осыған дейін шаһар басшылығында болған Мархабат Жайымбетовке Қызылорда қаласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

0 пікір