Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2458 0 пікір 14 Ақпан, 2013 сағат 11:22

Қайрат Лама Шариф Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дато Ахмад Расиди Хазизимен кездесті.

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шариф Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дато Ахмад Расиди Хазизимен кездесті.

Жылы шырайлы кездесу барысында Агенттіктің басшысы сұхбаттасын Қазақстандағы қазіргі діни ахуалмен таныстырды. Дін саласындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың жолдары мен келешегі туралы жан-жақты пікір алмасу болып өтті.

Елші Дато Ахмад Расиди Хазизи Малайзия елінің конституциясына сәйкес ислам діні - ресми дін болып саналатынын айтып өтті. Малайзия өкіметі өз елінде байсалды «білімпаздық» исламды дамытуды қамтамасыз етуге барынша тырысып бағуда. Аталмыш елдің пікірінше, тек дін мәселелерін байыпты шешу арқылы ғана қазіргі болып жатқан проблемаларды түсініп, олардың шешімін табуға септігін тигізеді. Малайзияда бүгінде қалыптасып жатқан жағдайды елемей, фундаментализмге шақыратындардан исламды қорғайды. Сонымен қатар, исламның радикалдануын алдын алуға, соның ішінде исламдық діни тәжірибенің қатаң ережелерін жеңілдету және оңтайландыру арқылы жол бермеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Малайзия дипломатының айтуынша, 2010 жылы Нью-Йорк қаласында Малайзияның Премьер-Министрі Наджиб Тун Абдул Разак БҰҰ Бас ассамблеясының 65-ші сессиясында өз сөзінде «байсалдылар жаһандық қозғалысы» идеясын алға тартты. Бұл идея Малайзия тәжірибесіне сүйене отырып, жаһандық деңгейде исламдағы байсалдылық пен толеранттылықты алға жылжытудан тұрады.

Кездесу соңында екі тарап осы бағытта сындарлы сұхбат жүргізуге уәделесіп тарқасты.

ҚР Дін істері агенттігінің Баспасөз қызметі

0 пікір