Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2447 0 пікір 11 Ақпан, 2013 сағат 06:57

Оралмандар одағайлана бере ме?

Сурет "Азаттық" радиосының сайтынан алынды

Құлағыңа әрі жылы әрі түрпідей тиетін осы бір атау кейде «жүздеспесе» жүдеп қалатын қазақтың «төртінші жүзіндей» одағайлап тұрады. Оны атаушы да атағын иелеуші де соған бейімделіп, оңаша жусап, оңаша күйсеуге әуес. Алыстан арып-ашып келген «қытайы», «моңғолы», «өзбегі» бар өздерінің жүдеу кейпіне қарамай кеудесін керіп, мұрнын шүйіріп тұрғылықты жұртты «орыс болып кеткен мәңгүрттер» деп сөгеді. Осылайша өзара ат қойып, айдар тағып жүрген сол азғана қазақ кейде бір атаның баласы екенін мүлдем ұмытып бір-біріне үрпиісе қарайды. Шын мәнінде жоңғардан сілікпесі шыққанда орыс пен қытайдың ойыншығына айналып, бодандық қамытын ұзақ киген осы қауым бірін-бірі көргенде күлу түгілі жылауының өзі мұң қасіретке байланған еді. Жау қолында кеткен жаутаңкөз тұқымын тапқанына ат шаптырып той жасайтын бабасының бағзы дәстүріне бағынып, артығын асырып, кемін жасырып кекілінен сипап келешегіне нұрлы жол көрсетуден айнымауы да аса қажетті.

Деседе екі ғасыр орыс отарында болған елдің енді ес жиғанда нарықтық қысымға ұшырауы, «былай тартса арба сынады, былай тартса өгіз өледінің» кейпімен талай өмірді ұрлады. Уақытқа бағынған қаншама пенде көз жасын құрғата алмай, шекара аттты қызыл сызыққа жаутаңдап бақиға аттанды. Ол енді, ұ-за-ақ әңгіме!

Сурет "Азаттық" радиосының сайтынан алынды

Құлағыңа әрі жылы әрі түрпідей тиетін осы бір атау кейде «жүздеспесе» жүдеп қалатын қазақтың «төртінші жүзіндей» одағайлап тұрады. Оны атаушы да атағын иелеуші де соған бейімделіп, оңаша жусап, оңаша күйсеуге әуес. Алыстан арып-ашып келген «қытайы», «моңғолы», «өзбегі» бар өздерінің жүдеу кейпіне қарамай кеудесін керіп, мұрнын шүйіріп тұрғылықты жұртты «орыс болып кеткен мәңгүрттер» деп сөгеді. Осылайша өзара ат қойып, айдар тағып жүрген сол азғана қазақ кейде бір атаның баласы екенін мүлдем ұмытып бір-біріне үрпиісе қарайды. Шын мәнінде жоңғардан сілікпесі шыққанда орыс пен қытайдың ойыншығына айналып, бодандық қамытын ұзақ киген осы қауым бірін-бірі көргенде күлу түгілі жылауының өзі мұң қасіретке байланған еді. Жау қолында кеткен жаутаңкөз тұқымын тапқанына ат шаптырып той жасайтын бабасының бағзы дәстүріне бағынып, артығын асырып, кемін жасырып кекілінен сипап келешегіне нұрлы жол көрсетуден айнымауы да аса қажетті.

Деседе екі ғасыр орыс отарында болған елдің енді ес жиғанда нарықтық қысымға ұшырауы, «былай тартса арба сынады, былай тартса өгіз өледінің» кейпімен талай өмірді ұрлады. Уақытқа бағынған қаншама пенде көз жасын құрғата алмай, шекара аттты қызыл сызыққа жаутаңдап бақиға аттанды. Ол енді, ұ-за-ақ әңгіме!

Оралман атты осы одағай есімнің иесіне заңнамалық тұрғыдан қайта қайрылсақ - тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген жəне Халықтың көші-қоны туралы заңда белгіленген

тəртіппен тиісті мəртебе алған Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ жəне оның Қазақстан

Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған жəне тұрақты

тұрған ұлты қазақ балалары болып табылады.

Бүгіндері осы есім иелерінің отан құшағына оралғандарының кез-келгенінің есігін ашып қалсаңыз, жағдайы жаман емес. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылып тынымсыз еңбек етіп ел қатарында түтін түтетіп отыр, тәуба!

Жалпы кеңістіктен қарағанда осы оралман қауымы ҚР заңнамалары мен Халықаралық құқықтар негізінде өз үлесін ала алып жүр ме деген сауалға келсек, арғы-бергіні толық білетін біраз кісінің арқасына ер батқан аттай қайқаңдайтыны да өтірік емес.

Шындыққа жүгінсек, ҚР заңнамаларында оралмандарға жұмыспен қамтуда, біліктілігін көтеруде жəне тілдік бейімделуде көмек туралы ережелер бар болғанымен, республикамызда арнайы оралмандарға арналған тіл курстары, ақпарат беру жəне анықтамалық қызмет көрсету, жұмыспен қамтуға жəрдемдесу немесе біліктілігін көтеру курстары сияқты арнайы ықпалдастыру бағдарламалары жасалмай келеді. Қолданыстағы заңнамада оралмандарға арналған бейімдеу жəне ықпалдастыру орталықтарын құру туралы ереже бар болғанмен, Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) мəліметтері бойынша бұл орталықтардың көпшілігі қазіргі сəтте өкінішке орай өздеріне жүктелген міндеттерді орындамай отыр.

«Сырт көз сыншы» демекші, «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық қорының пікірінше, оралмандардың ең негізгі мәселесі олардың қазақстандық қоғамға кірігіп-бірігуі болып табылады. Оралмандардың бір бөлігі Қазақстанға көшіп келгеннен кейін орыс тілін білмеуіне байланысты жергілікті халық тарапынан кемсітуге ұшырайды. Оралмандар арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейін көші-қон төңірегіндегі құзырлы органдар да ең әуелі осы тілдік кедергіден қарастырады. Атап айтқанда орыс тілінде сөйлей алмайтын немесе нашар білетін оралмандар жұмыс іздеу кезінде, əсіресе Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көп кедергіге тап болады. Мемлекеттік мекемелердің өзі орыс тілін білмейтіндерді есігінен сығалатпайды. Сөйтіп мемлекеттік қызметтегі оралмандар саны мейлінше төмен деңгейде. Бұл оларды Қазақстанның еңбек нарығында бəсекеге қабілеттігін төмендетіп қалмастан, өз мүддесіне саятын түбегейлі мәселені шешуге дәрменсіздік танытқан билікті қауқарсыз деген ой қалыптастырады. Ал дәл осындай жағдайда сол қандастарымыздың ішінен ҚР-заңдарына қайшы іс-әрекет көрініс тауып жатса немесе әккі алаяқтар оларды орға итеріп «айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылса», «жаман» аттың иесі де оралман болады. Міне осылайша қалыптасқан сызат кейде ұлттың ішкі бірлігі мен сыртқы көші-қонға да кері әсерін тигізбей қалмайды.

Жалпы көші-қон үрдісінде мемлекет қолынан келген көмекті аямауға тырысқанмен көп жағдайда істің қыры мен сырын толық меңгеріп кететін мамандар жетімсіздігінен ала-құла әңгіме азаймайды. Нақтылап айтқанда, туған жер, өскен ортасынан жаңа топыраққа қадам басқан оралмандар жұмыссыздық, көшіп келгеннен кейін тұрғын үй сатып алуға қаражаттың жетіспеуі сияқты әр түрлі қиындықтарға дөп келеді. Бұл оларды бөлінген өңірлерін тастап кетуге жəне Алматыда, Астанада, ҚР-ның мұнайлы өңірлерінде жұмысқа тұру мүмкіндігін іздеуге мəжбүрлейді. Осылайша оралмандар күрмеуі күрделі сыртқы көші-қон үрдісіне оң әсер еткені былай тұрсын, әлі де болса реттеліп болмаған ішкі көші-қонның жағдайын да күрделендіре түседі.

Оралмандардың көпшілігінің ҚР-на көшіп келгеннен кейінгі жағдайларына көңілі тола бермейді. Бұл заттық жақтан ғана емес, рухани кедейлік күйінен де көрініс береді. Мұндай мәселелер өзге ниет - жат пиғылдағы адамдардың оларды өз тобына тартуын тиімді шарт-жағдаймен қамтамасыз етеді де, ел тұрағының ертеңіне көлеңке түсірерлік күдікке жетелейді. Қалай болған күнде де қарапайым халық тұрмысының қиындығынан қордаланған түйткілдер елдің ішкі тыныштығы мен бейбіт өмірін ірітуге себеп болатындығын өзге елдер тарихында да көп дәлелденген. Олай болса бұл ойлар өз бауырларымызды ары итеру емес, бері тартудың ауадай қажеттілігін аңғартады.

Екіншіден, білім беру жүйесіндегі айырмашылықтар да жұмысқа тұруға əсер етеді. Жоғары білімі туралы дипломы бар оралман егер де оның дипломы танылмаса жұмыс іздеу кезінде қиындыққа тап болады. Тіпті көп жағдайда өз мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмайды.

Шын мәнінде «Халықтың көші-қоны туралы» Заңға сəйкес мемлекет оралмандарға жұмысқа тұруға, біліктілігін көтеруге жəне жаңа кəсіпті игеруге көмек көрсетуге тиіс болғанмен, жоғарғының пәрменіне құлақ аса бермейтін ұсақ шенеуниктер кейде халықпен, олардың тағдырымен санаспайды. Оралмандарға көмектесу жүктелген жергілікті органдар оларға негізінен жергілікті жұмыспен қамту органдарына тіркелуге кеңес беруден немесе «қоғамдық жұмыстарға» уақытша жұмысқа орналастыруды ұсынудан аса алмайды.

Этникалық иммигранттардың өңірлер бойынша өндірістік күштердің аумақтық орналасуын ескермей қоныстануы оралмандардың жұмысқа тұруын қиындататын маңызды түйіннің бірі. Нақтылап айтқанда оралмандардың басым бөлігі бүгінгі таңда еңбек күші мол - Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы жəне Жамбыл облыстарына қоныстанған. Ал солтүстік өңірлер білікті еңбек күштеріне зәру болып отыр.

Бейімдеу орталықтары оралмандардың ықпалдастыруына көмек көрсетуге міндеттеніп, олар заң бойынша Қазақстанның барлық облыстарында болуға тиіс еді. Бірақ Көші-қонға жауапты жергілікті басқарма өкілдері мен Халықаралық Көші-қон Ұйымы сарапшыларының 2010 жылғы бірлесіп тексеру нәтижесі бес облыста бұл орталықтардың мүлде жоқ екенін көрсеткен-ді.

Қазақстанға оралған оралман отбасының балаларының мектепке орналасуы да оңай емес. Олар ана тілдімізде оқытатын мектептерді қалайды. Кейбір ауылдарда әлі күнге дейінгі қазақ мектебінің жоқтьғы кісі сенгісіз жағдай. Оралмандардың көпшілігі қазақша сөйлегенімен, кириллицаны білмегендіктен жазу мен оқуда да қиындықтар туындайды. Орыс тілді мектептерде де, қазақ тілді мектептерде де оралмандар Қазақстандағы білім жүйесінің олардың бұрынғы тұрған еліндегі білім жүйесінен орасан айырмашылығы бар екенін сезінеді.

Оралмандарды əлеуметтік қолдау жүйесі қалыптасты дегенменде әлі де болса жетілдіруді талап етеді. Əлеуметтік төлемдердің негізгі бөлігі көшіп келу квотасына енген отбасыларына тұрғын үйлік қолдау мен жол ақысын төлеуге ғана жұмсалады. Бірақ мардымсыз ақша бүгінгі күннің тұрғын үй талаптарына сай емес, соның салдарынан оралмандар отбасыларының шамамен жартысына жуығы тұрғын үйі жоқ баспанасыздық жағдайда көрінгеннің босағасын сығалап жүр. Кешенді көзқарас пен көші-қон мəселелерін шешумен айналысатын мемлекеттік басқару органдарының іс-қимылында бір-бірімен болған үйлесімнің аздығынан екінің бірінде олардың алдынан қайшылықты мәселелер көп кездеседі. Бір мекеме екіншісіне, екіншісі үшіншісіне сілтеп жүріп, жауапкершілік әлсірейді де оралман отбасы күйзеліске тап болады. Тіпті таусылмайтын қағазбастылықтың кесірінен талайының жаны күйзеліске ұшырап қалмастан қалтасы қағылып қайыршылық күйге түседі. Солайда «бөрі арығын білдірмес, итке жонын қампайтар» болып, жоқтығын білдірмеуге тырысып, жомарттық пейілмен күн кешіп жүрген қазақ баласы аз емес.

Жоғарыдағы күрмеуі күрделі түйіндерден қалса шетелдердегі қазақ диаспорасы өкілдері арасында информациялық үгіт-насихат жұмысы жоқтың қасы. Олардың алдын-ала көші-қон жұмысына бейімделуі мен рухани, заттық дайындықтарының кемшін соғатын кезі көп. Сол себепті де қазақ топырағына қадам басқаннан кейінгі алдарынан көлденгеңдейтін кедергілерді кесіп өтуге дәрменсіздік танытады. Шетелдегі қазақпен рухани қарым-қатынас орнатып отырмыз деген кейбір мекемелердің жалған мәліметінің кесірінен талай қандасымыз өзге елдің телегейіне үнсіз жұтылып барады.

Оралмандарды тарихи отанына оралту саясатына тəн түйткілдер жаһандық еңбек нарығы мен елдегі ықпалдастыру жағдайларын да кең ауқымды мемлекеттік жəне мемлекетаралық реттеуді қалыптастыруды жəне

жетілдіруді талап етеді. Сондықтанда ең әуелі оларды халқы аз жерлерге тартуға ынталандыратын заңды жəне экономикалық кепілдіктер жүйесін қалыптастыру қажет болады.  Олардың өсіп-өнетін топырағы мен тіршілік етуіне қолайлы жұмыс жағдайы шешілгенде ғана елдегі саяси жəне экономикалық өзгерістерге оң әсер етуге болады. Сыртқа көші-қон мен ішкі көші қонның қатарынан жүйеге түсіп, шынайы жұмыс жүргізуі ел халқының болашағына да үлкен бағыт-бағдар сілтейді. Олай болса оралмандар тұрғылықты халықты, тұрғылықты халық оралмандарды кіналайтиын өгейлету көзқарасынан арылып, жалпы қазақ ұғымымен қызмет ететін ұлжанды ұлдардың табан еті мен мадай теріне деген зәрулік арта түседі деген сөз. Бұл зәрулік қарапайым халық бұқарасынан көрі құзіретті органның құлағын ұстаушылар мен әкімдердің мойнына түсер салмақты жүк болып табылады.

Оралмандар қазақ шаңырағына уық болып қаланған демографиялық күш қана емес рухани және заттық қажеттілік үшін де қомақты қосын есептеледі. Олай болса олар да өздерін «оралманбыз» деп одағайлай бергеннен көрі тұрғылықты халықпен бірігіп-кірігіп кетуі керек. Өздері екі басқа жерде, екі империяның иегінің астында өсседе ұрпағын қазақ қазанының дәмін ортақ татып, отанның ыстық-суығын бірге көруге тәрбиелеуі керек. Біз сонда ғана қазақ мемлекетінің бүгінгі бірлігі мен бекемделуі арқылы ертеңгі болашағына да жарқын жол сала аламыз.

Жәди ШӘКЕНҰЛЫ, жазушы

Қазақстан Жазушылар Одағының,

Еуразия жазушылар одағының мүшесі

ABAI.KZ

0 пікір