Жексенбі, 19 Мамыр 2024
1389 0 пікір 31 Қазан, 2022 сағат 13:05

Елімізде жалға берілетін пәтерлер тексеріліп жатыр

Саяжайлар мен жалға берілетін пәтерлер тексеріліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді. 

"Ел аумағында «Участок» жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Шара азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу мақсатында өтеді. Акция аясында базарлар, сауда орындары, саяжайлар мен шаруа қожалықтары, қала сыртындағы қыстаулар, сондай-ақ жалға берілетін пәтерлер тексеріледі", - деп атап өтті ведомство өкілі.

Айтуынша, науқанға тәртіп сақшылары жаппай жұмылдырылады.

Оған жергілікті полиция қызметінің, көші-қон, криминалдық, патрульдік полицияның және басқа да жедел қызметтердің күштері жұмылдырылған. Ащаматтық атыс қаруы мен оны сақтау ережелерінің сақталуы назардан тыс қалмайды, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2387
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661