Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2178 10 пікір 29 Қазан, 2022 сағат 19:34

Кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қазақ тілін қорлаған кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы журналист Күлтегін Аспанұлы өзінің Facebook парақшасында жариялады.

«Ал, достар, Рамиль Мухоряповтың мәлімдемесіне қатысты арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы қаласының полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы 20 қазанда ҚР Бас прокуратурасы мен Алматы қаласының прокуратурасына түсірген арызыма қылмыстық іс ашқаны жайлы жауап беріпті.

Алматы қ. ПД ЭҚІСБ бастығының міндетін атқарушы Д.Е.Абикулов қол қойған хатқа сенсек, ПД Тергеу басқармасының ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының (“Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру”) 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

“Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде психологиялық-филологиялық САРАПТАМА тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады”, - дейді Әбіқұлов.

Бұл айыптың жазасы заңда үш нұсқада көзделген: 2 мың-7 мың АЕК айыппұл, 2-7 жыл аралығында бас бостандығын шектеу немесе айыру. Айыпты деп танылса, сот мән-жайды есекере отырып осы үшеуінің біреуін таңдайды”,-деп жазды журналист.

Айта кетейік, бұған дейін Chocofamily холдингінің басшысы Рамиль Мухоряпов Алматы қаласында ресейліктермен өткен жиында «қазақ тілінде сөйлеу – мәдениетсіздіктің белгісі» дегенді айтқан. Оның сөзі қазақстандықтардың ашу-ызасына тиіп, қоғамдық резонанс тудырды. Кейін Мухоряпов өз сөзі үшін кешірім сұрады.

«Жаңа Қазақстан» депутаттар тобы да кәсіпкердің сөзін тексеру керектігін айтып, Бас прокурор Берік Асыловқа хат жолдаған болатын. Депутаттар Бас прокурордан Мухоряповқа ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша (“Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру”) шара қолдануды сұрады.

 

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2151
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2392
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661