Жексенбі, 19 Мамыр 2024
46 - сөз 2441 6 пікір 28 Қазан, 2022 сағат 15:28

BRT-ның соңы

2017 жылдың күзінде Алматы қаласының әкімдігі, қаланың басты көшелерінің біріне (Тимирязев к-сі) жалпы құны 4,1 млрд. теңгені құрайтын BRT (Bus Rapid tranzit) желісін орнату туралы шешім қабылдады.

Жергілікті атқарушы органның бұл шешімі қала тұрғындары мен Тимирязев көшесіне іргелес жатқан үйлердің тұрғындарының, сондай-ақ өзге де жұртшылықтың наразылығын тудырды, бірақ соған қарамастан Алматы қаласы әкімшілігі тарапынан жұмыстар жүргізіліп, бөлінген қаржы толығымен игерілді.

Халықтың көптеген өтініштеріне байланысты биылғы жылдың басында «Әділдік жолы» РҚБ-нің Алматы қалалық филиалы, осы түйткілді мәселе бойынша қоғамдық мониторинг жүргізіп, қолданыстағы көптеген заңнама талаптарының бұзылғандығы анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтар туралы Алматы әкімінің назарына бірнеше рет жеткізгенімен, әр жолы филиал қанағаттанарлықсыз жауаптар алып отырған.

Осылайша «Әділдік жолы» РҚБ-нің Алматы қалалық филиалы мен Алматы қаласы әкімдігі арасындағы хат алмасу процессі 6-айдан астам уақытқа созылды.

Сонымен қатар, автомобиль жолдары саласындағы «Әділдік талап ет» науқаны аясында мониторинг жүргізу барысында Тимирязев көшесінің бойындағы (Жандосов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін) тас жолға зерттеу жұмыстары жүргізілді». Тексерудің нәтижелері бойынша, жол сызбаларының тозуы, асфальтбетон жабынының жарықтары, іргетасы мен жол құрылысының сапасыздығы салдарынан көптеген деформацияларға әкеп соқтырғаны анықталды.

Бұл жол учаскелері қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етудің нормативтік талаптарына сәйкес келмейді және көптеген көлік апаттары мен қиын қозғалыстарға ықпал етеді. Дегенмен орындалған асфальт төсеу жұмыстары техникалық ерекшелікте және жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген нормаларға сәйкес келуі немесе сапасы жағынан асып кетуі тиіс.

«Алматы қаласының қалалық мобильдік басқармасы» КММ-нен келіп түскен жауаптан белгілі болғандай, бүгінде «ҚазДорҒЗИ» АҚ мен «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы бойынша филиалымен бірлесе, «Асфальтобетон 1» ЖШС-і және «UneedUS» ЖШС-не полимерлік қоспаларды қолдану арқылы асфальт қоспасының сапасын жақсарту және арнайы «автобус жолақтары» бойындағы жол бетіндегі ойықтарды азайту туралы ұсыныс жасалды.

Бұл ұсыныстың негізінде Тимирязев көшесінің бойымен Розыбакиев көшесінен бастап Әуезов көшелерінің аралығында, полимерлі қоспаларды қолдану арқылы асфальтобетонды жабынды жөндеуді тәжірибе жүзінде жүргізді.

Осы ретте, 08.04.2022 жылы Алматы қаласының тұрғындарымен кезекті кездесуінде Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаев, қаланың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ автобустар үшін бөлінген желілерді және олардың қолданыстағы схемаларын қоса алғанда, ерте кезеңдегі барлық қателіктерді жою жоспары жарияланды.

BRT желілерін салудағы қателіктерді мойындай отырып, қала әкімі Ерболает Досаев жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдері бар BRT жол қозғалысы жағдайын тек нашарлататынын атап өтті. Осының салдарынан кептеліс көбейді, газдың ластану деңгейі артты.

Осылайша, «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша филиалының уәждері дәлелденіп, жұртшылықтың талабы қанағаттандырылды.

Біздің болжамымызша, мемлекетке 4,1 млрд. теңге көлемінде орасан залал келтірілген және қазіргі уақытта филиалдың ақпараты бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар қажетті тексеру шараларын жүргізуде, оның нәтижелері жұртшылықтың назарына қосымша түрде ұсынылатын болады.

Жоғарыдағыларды қорытындылай келе, "Ерте кезеңдегі қателіктерді жою үшін жөндеу жұмыстары кімнің есебінен жүргізіледі?" деген жұртшылықтың орынды сұрағы туындайды.

 

Бауыржан Мақұлбаев

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2148
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2553
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2375
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661