Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2450 5 пікір 27 Қазан, 2022 сағат 15:26

"Алға, Қазақстан" партия құжатын тіркеуге тапсырды

26 қазанда «Алға, Қазақстан» тіркелмеген оппозициялық партиясы бастамашыл тобы Әділет министрлігіне барып, партия ретінде тіркеуге тағы құжат тапсырды. Алғалықтар осымен бесінші рет құжат өткізіп отыр. 

– Бізге 5000 адам қол өткізді. Бірақ біз ерінбей-жалықпай оларды өз сүзгімізден өткізіп, бүгін 2245 адамның қолын әкеліп тұрмыз. Оның 1250-і қолдарына құжатарын ұстап видеобаян жасады, - деді партия бастамашыл тобының мүшесі Әсет Әбішев.

Бұл жолы да партияны қолдауға Қазақстанның түрлі өңірнен елуден астам адам жиналған.

«Алға, Қазақстан» құжатын Әділет министрлігі өкілі Салтанат Смағұлова қабылдап алды.

«Алға, Қазақстан» тіркелмеген оппозициялық партиясы бұған дейін құжаттарын 5 мамыр, 18 сәуір, 22 кыркүйек, 12 казанда тапсырған. Әр жолы Әділет министрлігі «Саяси партиялар туралы» заңның «саяси партияға мүше болуы» туралы 8-бабының талабы сақталмағаны, мүшелер арасында қайтыс болғандар бар екені туралы бір мазмұнды жауап алған. Министрліктің мамырдағы жауабына бастамашыл топ сотқа шағымданғанымен, жеңіліп қалған.

Әділет министрлігінің мәліметінше, елде 2019 жылдан бері 18 саяси партия тіркелуге өтініш берген. Одан бері әзірге үш бастамашыл топ тіркелген.

Билік "саяси себеппен партияны тіркемеді" деген белсенділер уәжін жоққа шығарады.

16 наурызда парламентте жариялаған жолдауында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партияларды тіркеу процесі жеңілдейтінін мәлімдеген. Партиялар үшін қарастырылған тіркеу шегі 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендетіліп, өңірлердегі өкілдердің саны 200 адам болатынын айтқан. Ал партия құру үшін бастамашыл топтың саны да ең кемі 1000 адамнан 700-ге дейін азайтылады деген.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2152
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2400
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661