Жексенбі, 19 Мамыр 2024
46 - сөз 2322 2 пікір 27 Қазан, 2022 сағат 13:49

Әлихан Бөкейхан жүз жыл бұрын не деп еді?!

"Ақмола, Семей облыстарындағы қазақ жеріне биыл тағы қара шекпен (Ресейдің ішкі губернелерінен көшіп келген орыс шаруалары) келіп орнап жатыр.
- Бұл қалай, Николай заманы қайта қабынды ма! - деп оқушылар сұрайды.
Осы күні біздің жерде һәм бүкіл Россияда кеңес хүкіметі, патша жоқ.
1920 жылғы 1 сентәбірде Россия хүкіметі заң шығарып, қазақ халқы өз алдына мемлекет болсын деген, 4-12 өктәбірде жалпы қазақ сиезі болып, қазақ мемлекеті комиссиясын сайлады.

1920 жылы 17 ноябірде Қазақ Республикасының хүкіметі - совнаркомы: "1 сентәбірден бастап қазақ жеріне бір қара шекпен келмесін" деп закон шығарды.
Омбыдағы Қазақстан елшісінің мағлұматына қарағанда, Сібір ревком Ақмола, Семей облысының жеріне 164 мың 645 қара шекпен жазып қойыпты. Мұның аты "кім келсе, қалпына қайтады" дегені болса керек.
Мұны біздің қазақ жұрты "Россия кеңес хүкіметінің саясаты деп білуге болмайды" деп отыр. Мұны істеп отырған дағдылы Николайдың тұзы сіңген не өтірік ортақшыл, не Николайдың шенеунігіне жетеленген соқыр надан ортақшыл. Бұлардың мұнысы іске аспайды. Қазақ-қырғыз жеріне енді қара шекпен орнамайды.
КирЦИК, Кирсовнарком бұл туралы Мәскеумен сөйлесіп, қара шекпенді қайырмақ болып жатыр.
Қазақ жеріне мұндағы жұрт ие. Өз еңбекшілері, ортақшылары ие. 1 сентәбірден кейін көшіп келген қара шекпендіге жер жоқ. Жергілікті ауыл, болыс кеңесі қара шекпен жер аламын десе: Кирсовнаркомге шейін таласу-тартысу керек".

Қыр Баласы
"Ақ жол", N12, 09.01.1921ж., Ташкент

Алма Түсіпбекова

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2151
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2394
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661