Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Билік 2440 4 пікір 27 Қазан, 2022 сағат 13:13

Партиялық емес байқау орталығы президент сайлауының барлық кезеңін бақылайды

Партиялық емес байқау орталығы 20 қарашада өтетін президент сайлауында барлық сайлау учаскесіне байқаушыларын жібермек. Бұл туралы аталған орталықтың төрағасы Төлеген Күнәділов айтты.

«Өңірлерде республикалық деңгейде ахуал штабтарын құрдық. Ол жерде барлық байқаушылар пулын оқыту іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 80-нен астам онлайн және офлайн форматта оқыту жүргізілді. Сайлау науқанының күрделі екенін жақсы білеміз. Сондықтан осы науқанда тәжірибелі, байқаушы ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсінетін адамдарға арқа сүйейміз. Бұл сайлауды шынайы бағалауға мүмкіндік береді. 20 қараша күні еліміздегі барлық сайлау учаскесіне байқаушыларымызды жіберуге ниетті болып отырмыз», - деді ол елордада ұйымдастырыған брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, өткен аптада орталық президенттікке кандидаттардың штаб жетекшілерімен кездесу ұйымдастырған. Онда үгіт-насихат жұмыстары кезінде қоғамдық мониторинг жүргізу, сайлау күні барлық учаскеде сайлау үрдістерін бақылау мәселелері бойынша пікір алмасу болған.

Сондай-ақ орталық төрағасы президенттік сайлауды байқауға келетін ТМД, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың миссия өкілдерімен кездесулер жоспарланғанын да атап өтті.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2380
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661