Жексенбі, 19 Мамыр 2024
46 - сөз 2447 2 пікір 26 Қазан, 2022 сағат 15:35

Сіз қайда отырсыз, Орлов жолдас!

Жүргенов өз кабинетінде жиналыс өткізбек болды. Шамамен алғанда отыз шақты кісі жиналды, олардың ішінде орыс ұлтынан мен және қарағандылық Б.Н.Орлов деген композитор болды. Наркомның өзі де, басқа сөйлеушілер де тек қазақ тілінде сөйлеп отыр. Бір кезде Борис Орлов орнынан тұрды да Жүргеновтен қазақша сөйлемеуін өтінді, мұнда не жайында әңгіме болып жатқанын өзі ұқпай отырғанын, сөйлеушілерді ол түсінетіндей болуы үшін орысша сөйлеу жөн екенін айтты. Бір кезде Жүргеновтің қара көздері ұшқындап кетті… Жұрттың бәрі бүкшие түсіп, тым-тырс бола қалды. "Сіз қайда отырсыз, Орлов жолдас!" Ашу найзағайы үрейлене бүгжиген қайраткерлердің үстінен ойқастай шапшыды. "Сіз қайда жүрсіз, өзіңіз!" — деп Жүргенов дауысын бұрынғыдан да бетер қатайта сөйледі: "Сіз Қазақстанға келдіңіз екен, егерде мұнда жұмыс істегіңіз келсе, сіз республиканың мемлекеттік тілін білуге міндеттісіз!... Сіз қазақ әндерін де орыс тілінде зерттемекшісіз бе?" — деп өзге ұлттан қазақ тілін құрметтеуді талап етті.

Евгений Брусиловскийдің  "Дүйім дүлдүлдер" кітабынан естелік

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2152
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2398
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661