Жұма, 26 Сәуір 2024
Билік 2228 3 пікір 19 Қазан, 2022 сағат 14:28

Келесі жылы инфляция біртіндеп баяулайды – Ұлттық банк

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Халықаралық валюта қорының жаһандық инфляцияға қатысты болжамын жеткізді.

«Болжам геосаяси жағдайдың нашарлауына байланысты әлемдік қаржы және тауар нарықтарында болған жоғары құбылмалылық кезінде қалыптасып отыр. Геосаяси дағдарысқа байланысты әлемдік тауар нарығындағы теңгерімсіздік жаһандық инфляция жағдайын одан әрі қиындатты», - деді Ғ. Пірматов Мәжілістің бүгінгі отырысында.

Логистикалық және өндірістік жолдардың өзгеруінен ішкі нарықтардағы теңгерімсіздік күшейіп, азық-түлік пен шикізаттың әлемдік бағасының өсуінен Қазақстанда да инфляция өскен.

«Жылдық мәнде инфляция 17,7% жетті. Бұған азық-түлік өнімдері бағасының 22,2% өсуі айтарлықтай ықпал етті. Азық-түлікке жатпайтын инфляция да импорттық тауарлардың қымбаттауынан және оларға сұраныстың жоғары болуынан 17%-ға дейін қарқын алды. Ақылы қызмет инфляциясы 12,3% болды. Кыркүйек айындағы сыртқы шоктарды ескерсек, 2022 жылдың соңына қарай инфляция біздің тамыз айындағы болжамымыздан асып түседі.Қазір іске асырылып жатқан ақша-кредит саясаты аясында 2023 жылы инфляция біртіндеп 7,5-9,5% дейін баяулайды. Әлемдегі азық-түліктің қымбаттауының баяулауы, негізгі сауда әріптес елдердегі инфляцияның баяулауы да инфляцияны тежейтін болады», - деді спикер.

Abai.kz

3 пікір