Жексенбі, 19 Мамыр 2024
1698 0 пікір 29 Қыркүйек, 2022 сағат 19:45

Қазақ пен түрік әскери салада әріптестікті арттырып келеді

Айбынды қазақ әскері Түркияға сапарлап барды. Түркия Қарулы күштерінің Арнайы мақсаттағы орталығында өткен Халықаралық әскери оқу-жаттығуларға қатысты.

«Шекарасыз бауырластық - 1» Арнайы операциялар күштерінің оқу-жаттығулары биыл бірінші мәрте ұйымдастырылған. Оған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Пәкістан Қарулы күштерінің жүзден аса әскери қызметшілері қатысты.

ҚР Қорғаныс министрлігі таратқан ресми ақпаратқа арқа сүйесек, Қазақстан Қарулы күштерінің әскерилері, арнайы операцуияларды жоспарлау, арнайы барлау жұмыстарын ұйымдастыру, қоян-қолтық ұрыстар мен қала ішілік жағдайлардағы ұрыс қимылдарын жүзеге асыру, әскери обьектілерге шабуыл жасау, ғимарат күзетінің көзін жою секілді бірқатар әскери жаттығуларды бақ сынап, тактикалық эпизодтарды орындады.

«Шекарасыз бауырластық - 1» Арнайы операциялар күштерінің оқу-жаттығулары аясында акустикалық жүйесі бар кешенді симуляторларда әскери-медициналық дайындық сабақтары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, майдан шебінде алғашқы медициналық көмек көрсету мен жараланғандарды эвакуациялау кезіндегі іс-қимылдарды жүзеге асырған.

Сондай-ақ, Арнайы күштердің оқу-жаттығулары кезінде «Аэродинамикалық құбыр» тренажеры мен виртуалды бағдарламалық кешендерде парашютшілерді даярлау курстары да ұйымдастырылды.

Бұл  ұйымдастырылған әскери-тактикалық маневрлердің басты мақсаты – гибридтік қауіп-қатерлер жағдайында серіктес елдердің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің арнайы операцияларды жүргізу кезіндегі тәжірибесін бөлісу болған.

Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстан мен Түркия республикалары мемлекетаралық келісімдер негізінде өзара әскери салада күш біріктіріп, бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Түркияға жасаған арнайы мемлекеттік сапары шеңберінде 14 бірдей маңызды құжатқа қол қойылған еді. Соның ішінде сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік салаларында ынтымақтастықты нығауту туралы құжаттарға қол қойылған болатын.

Өз кезегінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: «Қазақ бауырларымыздың тұрақтылығы мен тыныштығына аса мүдделі екенімізді және сауда-экономикалық, мәдениет, қауіпсіздік салаларында бірге болатынымызды айтқым келеді. Біз екіжақты және көпжақты қатынастарымызды нығайта береміз деп келістік. Біз қазақ бауырларымыздың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік аламыз», - деп мәлімдеген.

Одан бөлек, Қазақстан мен Түркия арасында соққы жасаушы дрондарды алу бойынша келісім жасалған. Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары барысында Қазақстанда соққы жасаушы дрондарды шығаратын зауыт салу бойынша келісім жасасты.

Anka соққылаушы дрондары  ОА аймағында салынатын алғашқы зауытта жасалатын болды. ОА елдері арасында Түркиялық соққылаушы дрондар Түркіменстан мен Қырғызстанда бар («Байрактар» дрондары). Қазақстан ОА-дағы Түркиялық қуатты соққылаушы дрондарға қол жеткізген үшінші мемлекет. Ал Түркия өнеркәсібімен бірлесіп, соққылаушы дрондар шығаратын зауыт ашатын бірінші мемлекет.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2387
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661