Сенбі, 28 Қаңтар 2023
Аласапыран 2774 30 пікір 11 Қазан, 2022 сағат 10:13

"Сириялық қасапшы" Украинаны қан қақсатты

epa09838345 Ukrainian firefighters and security teams at the scene of a building hit by Russian missiles in Kyiv (Kiev), Ukraine, 20 March 2022. On 24 February Russian troops had entered Ukrainian territory in what the Russian president declared a 'special military operation', resulting in fighting and destruction in the country, a huge flow of refugees, and multiple sanctions against Russia. EPA-EFE/ATEF SAFADI

Кеше Украина жеріне Ресей әскері аяусыз соққы жасады. Ондаған қалаға зымыран және камикадзе дрондары шабуыл жасау құралы ретінде қолданылды. Украина қорғаныс министрлігі Ресей шабуылға 84 зымыран және 24 камикадзе дрон қолданды дейді. 

Ресей тарапы шабуылды "Қырым көпіріне жасалған шабуыл үшін жауап" деп атады. Шойгудың сөзіне сенсек, бірде-бір бейбіт нысанға соққы жасалмаған-мыс. Алайда керісінше әскери нысандарға соққы жасалмады. Жаяу жүргіншілер жолағы, балалардың ойын алаңы мен көшелер, тұрғын үй кешендері соққы астында қалды. Шабуылдан 14 адам қаза тауып, 50-ге жуық адам жарақат алған. Ресей әскері Украинаның су және жарық беру жүйелеріне соққы жасады. Сол арқылы халыққа психологиялық қысымды арттырып, Киевті Мәскеумен тиімсіз келісімге көндірмек болғандай. Алайда бұл стратегияның нәтиже беруі екіталай. Себебі Украина бұған дейін де зымыран соққысына ұшырады Буча, Мариуполь, Ирпень қалаларындағы геноцидке куә болды. Ал бүгінгідей әрекет кері эффект беріп, Украина қоғамын консолидациялау процесін үдетеді.

Ресей билігі шабуылмен Украина экономикасына нұқсан келтіру және Ресей аудиториясын рухтандыру эффектісіне жетті десек болады. Харьков облысындағы жеңіліс, Лиман маңындағы масқара шегініс, Қырым көпіріне шабуыл мен Херсон маңындағы қарымта соққы Ресей әскерінің рухын түсірді, ал ресейліктердің билікке деген сенімін азайтты. Міне, осы сәтсіздіктерді жуып-шайып, "біз мықтымыз" деген позицияны көрсету мақсатында осындай шабуыл жасалды. Ресей пропагандистері шабуылды үдетіп, барынша тұздықтап берді. Агрессордың аудиториясы мәз. Бұл әрекеттердің ашық террорлық әрекет екенін ескермейді де.

Ресей неге бұл шабуылды жасады? Себебін жоғарыда айттық. Тағы бір себеп Украина соғысындағы қолбасшының ауысуымен тікелей байланысты дейді мамандар. Сергей Суровикин жақында Украинадағы әскерді басқаруға тағайындалды. Бұған дейін ол Сирия және Шешен соғысына қатысқан болатын.

Сергей Суровикиннің жасы 55-те Ол Шешен соғысында  42-ші мотоатқыштар дивизиясын басқарды. Ал 2017 жылдан бастап Сириядағы Ресей іскеріне басшылық етті.

"Украинада Ресей әскерін Суровикин басқарып отырғанын ескерсек, бейбіт нысандарға шабуыл толастамайтынын түсінуге болады. Суровикин "Сириялық қасапшы" деген атақ алған. Себебі ол Сирияда аяусыз бейбіт нысандарға соққы жасаған", — дейді сарапшы Глеб Парфенов.

Украинаға жасалған шабуылға әлем елдері өз реакциясын білдіруде. Еуропалық қауымдастық Ресейді қатаң айыптап, әскери көмек беруді арттырып, санкцияларды күшейту керектігін айтты. АҚШ Украинаны қолдай беретінін жеткізсе, Балтық елдері Ресейді "террорлық ел" деп танитынын жеткізді.

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Анық-қанығы

Жақиянов: Маған ашық жала жабуға кірісті...

Ғалымжан Жақиянов 3116
Адасқандар

Мобилизация: Келімсектердің сенері - «дядя Вова!»

Жайберген Болатов 2231
Айқай

Елде ұлттық идеология өте әлсіз...

Бейсенғазы Ұлықбек 1901