Жексенбі, 23 Қаңтар 2022
Жаңалықтар 3938 0 пікір 23 Қаңтар, 2013 сағат 09:26

Қуандық Шамахайұлы. БАҚ қай бағытта дамып отыр?

Мемлекеттік қызмет пен саяси институттардың рөлін пәрменді етіп, тиімділігін арттыруға қоғамдық пікірдің алатын орны айтарлықтай орасан. Ал, қоғамдық пікір ақпарат құралдары арқылы қалыптасатындығы дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Бүгінгі таңда қоғамдық пікірдің басты мінбері БАҚ және одан таралатын ақпарат дегенді әлем ғалымдары жаппай мойындап отыр. Бұрын кеңінен қолданылып келген дәстүрлі «журналистика» деген ұғымның мазмұнымен бірге атауының өзіне елеулі әсер еткендігін  дәлел ретінде атап көрсетуге  болады. Айталық, ақпараттық технологиясы жоғары деңгейде дамыған Батыс елдерінде  «Маss Меdia» және «Маss communication» деген атаулар тұрақты қолданылатыны мәлім.

Қазіргі күні әлем журналистикасының дамуын айқындайтын негізгі 4 факторды зерттеушілер анықтаған. Атап айтқанда:

1.  Жаһандану немесе глобализация (ықпалды қызмет атқарушысы: жаңа ақпараттық технология, интернет журналистикасы, ақпараттық қатынастың жаңа құралдары мен бағыттары).

2.  Бұқарасыздандыру немесе демассовизация (дәстүрлі БАҚ-тың ақпарат қабылдаушылары азайып, олардың түрлі топтарға бөлінуі, аудитория үшін таңдау жасау мүмкіндіктері кеңейгендіктен ақпарат қабылдаушыларды мақсаттарына қарай анықтау мүмкін болмауда)

3.  Орталықтандырылу немесе конгло-мерация (БАҚ-тардың бір қолға шоғырлануы қарқын алып, бір ақпарат бірнеше арна арқылы көпке тарайтын болды)

Мемлекеттік қызмет пен саяси институттардың рөлін пәрменді етіп, тиімділігін арттыруға қоғамдық пікірдің алатын орны айтарлықтай орасан. Ал, қоғамдық пікір ақпарат құралдары арқылы қалыптасатындығы дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Бүгінгі таңда қоғамдық пікірдің басты мінбері БАҚ және одан таралатын ақпарат дегенді әлем ғалымдары жаппай мойындап отыр. Бұрын кеңінен қолданылып келген дәстүрлі «журналистика» деген ұғымның мазмұнымен бірге атауының өзіне елеулі әсер еткендігін  дәлел ретінде атап көрсетуге  болады. Айталық, ақпараттық технологиясы жоғары деңгейде дамыған Батыс елдерінде  «Маss Меdia» және «Маss communication» деген атаулар тұрақты қолданылатыны мәлім.

Қазіргі күні әлем журналистикасының дамуын айқындайтын негізгі 4 факторды зерттеушілер анықтаған. Атап айтқанда:

1.  Жаһандану немесе глобализация (ықпалды қызмет атқарушысы: жаңа ақпараттық технология, интернет журналистикасы, ақпараттық қатынастың жаңа құралдары мен бағыттары).

2.  Бұқарасыздандыру немесе демассовизация (дәстүрлі БАҚ-тың ақпарат қабылдаушылары азайып, олардың түрлі топтарға бөлінуі, аудитория үшін таңдау жасау мүмкіндіктері кеңейгендіктен ақпарат қабылдаушыларды мақсаттарына қарай анықтау мүмкін болмауда)

3.  Орталықтандырылу немесе конгло-мерация (БАҚ-тардың бір қолға шоғырлануы қарқын алып, бір ақпарат бірнеше арна арқылы көпке тарайтын болды)

4. Ұқсастырылуы немесе конвергенция (БАҚ атаулының өзара жақындасуы, ұқсастық табуы, тың технологияның нәтижесінде жаңасы мен дәстүрлі ақпарат құралдары арасындағы айырмашылықтардың азаюы, екеуінің де қосарлана қолданылу үрдістері)

Қазіргі кездегі қазақ медиа жүйесінде жоғарыда аталған бағыттар белгілі деңгейде көрініс тауып отыр. Кей жағынан қарқынды өрістеу бағыты байқалып отырғанын анық аңғаруға болады. Олардың әрбіріне жеке-жеке тоқталайық:

Жаһандану үрдісі қазақ журналистикасында қалай көрініс тауып отыр?

Бүгінде бізде БАҚ тек сан жағынан ғана өсіп отырған жоқ. Ақпарат құралдарының жаңаша түрлері де пайда болуда. Атап айтсақ,  онлайн баспасөз, кабелдік телевизия, қысқа толқынды радио, смартфон немесе ұялы байланыстар арқылы ақпарат тарату, мобайлдық ақпарат қабылдау мүмкіндік туып отыр.  Сонымен қатар медиа жүйесі өз ішінде интернет журналистика, із кесу журналистикасы, азаматтық журналистика, БАҚ жарнамалық насихаты, экономикалық және, экологиялық журналистика, талдау журналистикасы т.с.с. бағыттарға бөлінді.

Мұның бәрі қазақ аудиториясы үшін әлемнің әр тарабынан түрлі ақпараттар қабылдауға және жеткізуге, өздерінің көзқарастары мен ой, пікірлерін интернет арқылы көпке жеткізуге кең мүмкіндік беріп отыр. Қысқасы, ақпарат үшін уақыт пен кеңістік ұғымына тәуелділік барынша азайды, тіпті жоғалды деуге де болады. Мысалы, телекөрермендер кабелдік  телевизияның 70-тен астам арнасы арқылы бірнеше тілде ақпарат алып отыр. Еліміздің ақпарат комитетінде ресми тіркелген БАҚ саны 10 мыңнан әлдеқашан асып кетті.

Қазақстанда бүгінде 9 миллион адам Интернет қызметін пайдаланады. Елімізде күніне 25-30 мың адам электронды үкімет қызметіне жүгінеді екен.  Мұның бәрі ақпараттық жаһанданудың қаншалықты жоғары қарқынмен жүріліп жатқанын айғақтайтын шынайы көрініс.

Ақпараттық сұранысты өтеудің жиілігі осыншалық тұтасып, қарқынды өсуі қазақ журналистикасына елеулі ықпал етіп отырғанын ерекше атап айту ләзім. Ең алдымен ерекшелеп айтарымыз, таңдау мүмкіндігі мейлінше артты. Нәтижесінде, БАҚ арқылы ақпарат қабылдаушылар бірнеше топқа бөлінді. Оларды жас ерекшеліктеріне, кәсіби мамандықтарына, білім деңгейлеріне, әлеуметтік сипаттарына қарай бірнеше топтарға бөлуге болады.

Онлайн журналистикасының қарқынды дамуы дәстүрлі мерзімді баспасөздің оқырмандарын азайтып, олардың таралымын кемітті. Әсіресе, жастардың арасында газет-журнал оқитындардың саны күрт төмендеді. Олардың ең негізгі тұтынатын дүниелері интернет, телевизияның ойын-сауықтық бағдарламалары болып тұр. Күнделікті және апталық сапалы газеттердің оқырмандары жасамыс егде адамдарға айналды.

Сонымен қатар блогерлер де өз оқырмандарын тапты. Сайт, порталдардың саны күн өткен сайын артып келеді және оған деген оқырман қауымның назары мен ынта-ықыластары  да айырықша. Соңғы жылдары түрлі-түсті бояумен әсем безендірілген ақпараттық, танымдық журналдар санының күрт өсуі дәстүрлі оқырмандардың біраз бөлігін белгілі деңгейде жаулап алды.  Радиохабар бұрынғыдай ауыл тұрғындарының ғана емес, енді қаладағы автокөлік жүргізушілерінің, ұялы байланысты жиі қолданатын жастардың ақпарат алатын негізгі құралына айналды.

Қазақ медиа жүйесінде орталықтану үрдісі де кең өрістеп келеді.  Бұл  қазақ журналистикасы тәжірибесінде тәуелсіздік жылдарында пайда болған тың көрініс. Ақпарат құралдарының шоғырлануы, біріктірілуі одан ары да қарапайым көрініске айналатын түрі бар. Шындығына келсек, қазіргі күні қолында байлығы мен билігі бар әрбір олигарх телеарна ашып, газет шығаруға мүмкіндік тапқан. Экс премьер министрлер, экс әкім қаралардың арасында, тіпті үкіметтік қызметте жүрсе де қалтасын қалыңдатып, байып алған кейбір ықпалды тұлғалардың ірі медиахолдингтердің қожайындары болып отырғаны бүгінде құпия болудан қалып барады. Оның әрине, өз кезегінде жағымды да, жағымсыз да тұстары бар. Жағымдысы, халыққа ақпараттық қызмет көрсетумен қатар журналистер және өзге де техникалық мамандарға жұмыс орындарын ұсынып, белгілі деңгейде бәсекелестікке түсіп, медиабизнестің көрігін қыздырып отырғаны. Жағымсыздығы, түрлі позициядағы топтардың өзара есеп айырысуына баспасөзді пайдалануына итермелейді. Соның салдароынан тапсырыспен мақала жаздыру, телехабарлар дайындату секілді лас технологияларға журналистерді де жұмылдыратындығы.

Сонымен қатар конвергенциядан да біздің медиа саламыз тыс қалып отырған жоқ. Оның өзі бір ақпарат құралының  БАҚ-тың  әртүрлі сипаттарын өн бойына қатар сіңіріп,  таратып отырған ақпараттарымен, оны дайындау тетіктерінің өзінде ұқсастырылу үрдісінің кең өріс алуы болып табылады. Мұндай үрдіс соңғы жылдары елеулі түрде қарқын алып келеді.  Оған ықпал етіп отырған басты фактор жаңа ақпараттық технологиялар.

Медиа қызметіне сандық  технологияның енгізілуі арқылы  интернет жүйесі кино мен телевизияның қимыл-қозғалысын, іс әрекетін,  радионың дыбыс-дауысын, фотожурналистиканың бейнелеу тетіктерін, мерзімді баспасөздің мәтіндік барлық нұсқаларын,  онлайн кітап, құралдарды және пошталық байланыстың барлық мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланатын болды.  Барлық газет-журналдар дерлік өздерінің интернеттік нұсқаларын жасап алды. Радио мен телеарналар да бағдарламаларын интернет арқылы ақпарат қабылдаушыларға ұсына алатын жағдайға жетті. Мұның бәрі ақпараттық кеңістік пен уақытқа тәуелділікті азайтып, оның жеделдігі мен баршаға ортақ болу мүмкіндігін кеңейтті. Нәтижесінде, ақпараттық сыйымдылықтың көлемі едәуір артумен қатар БАҚ-тың интерактив сипатын қарапайым көрініске айналдырды. Олар ақпарат қабылдаушылармен кері байланыс жасап, пікірлесетін мүмкіндікке ие болулары арқылы азаматтық журналистиканың дамуына кең жол ашты.  Оның жемісі ретінде мынандай мәселелерді ерекше атап көрсетуге болады:

  • журналистика жайындағы дәстүрлі ұғымның қамтитын аясы кеңейіп, мазмұны өзгерді;
  • журналистиканың дербес институт ретіндегі сипаты өзгеріп, бұқаралық ақпараттық қатынастан гөрі «Маss communiication»-нің құрылымына айналды;
  • ақпарат - тауарға, бизнеске айналып, көптеген БАҚ оның өзінің басты мақсаты етіп алға шығара бастады;
  • желілік ақпарат әлеуметтік қызметтің барлық саласына дендеп еніп, журналистика функциясының белгілі бір бөлігін блогерлер атқаратын болды;
  • журналистиканың жаңа ағымдары (азаматтық, экологиялық, із кесу, экономикалық, саяси, талдау, онлайн журналистика т.с.с.) пайда болып, оның өзі ақпарат қабылдаушыларды түрлі топтарға бөлінуіне ықпал ете бастады;
  • тың жаңалықтар дайындау журналистің ғана емес, сайт, порталдардың да құзырындағы ортақ іске айналды;
  • әрбір тың ақпаратты таратуға мүдделі тұлға оның көздерін сандық технологияның көмегімен қалаған бағытына жібере алатын болды;
  • бұрын кімнің не жазатынын басқарушы ұйымдар, БАҚ басшылары шешіп келсе, енді ақпарат қабылдаушылар іс жүзінде тапсырыс берушіге айналды. Айталық, ақпаратты тұтынатын ортаның сұранысын зерттемей тұрып, баспасөз ісін жүргізу мүмкін болмай қалды;
  • интерактивтік сипат елеулі орынға шығып, ақпарат қабылдаушылар өздері ақпараттың мазмұнын жасауға ықпал ететін жағдайға келе жатыр;
  • журналистика мамандығы туралы дәстүрлі ұғым түбірімен өзгеріп, жаңа ақпараттық технология оның мазмұнын тереңдетіп, арнасын кеңейтті, сапалық жаңа талаптарды қоя бастады;
  • БАҚ-ты басқарудан бастап, жаңалықтарды, хабарларды дайындау үрдісіне Батыс елдерінің тәжірибелері, шығармашылық тәсілдері біртіндеп ене бастады;
  • азаматтардың сөз еркіндігі, ойларын ашық білдіру бостандығы аздап болса да шынайы көрініске қарай бет алуда. БАҚ жариялылық пен пікіралуандықтың мінберіне айналуына мүмкіндіктер ашылды.

Дегенмен, барлық проблема шешімін тапты деуге әлі ерте. Шешімін күткен басты мәселелерді келесі 5 бағыт бойынша қарастыруға болады:

1. Тәуелсіз баспасөзді дамытудың құқтық аурасын қалыптастырып, жетілдіру;

2. Жауапкершілік пен этикалық ар-ұжданға негізделген журналистиканы қалыптастыру, оған журналистердің кәсіби ұйымдары, редакцияның ішкі бақылаулары, журналистің өзінің жеке жауапкершілігі т.с.с. мәселелер жатқызылмақ.

3. Журналист мамандарын даярлау, қайта даярлау ісін жетілдіре түсу;

4. Журналистиканы ғылыми-зерттеу, сын саласын дамыту;

5. Журналистердің әлеуметтік жағдайын, еңбек ету мүмкіндігін жақсартуға арналған шараларды жүзеге асыру.

Мәселені түйіндей келе мынандай қорытындыға келдік:

Біріншіден, әлемдік медиа жүйесінің даму тенденциясы қазіргі қазақ журналистикасына елеулі түрде ықпал етіп келеді. Нәтижесінде, БАҚ жүйесінде, оның туындыларының мазмұнында, жанрларында, жазу шеберліктерінде елеулі өзгерістер пайда болды. Дүниежүзілік демократиялық журналистика дәстүріне бет бұрушылық көрініс тауып келеді.

Екіншіден, қазақ баспасөзі либертариялық журналистикаға қатты бой ұрып кетпесе де белгілі деңгейде жасалып жатқан оң қадамдар баршылық. Алайда, шешімін таппаған мәселелер де шашетектен.

Үшіншіден, Қазақ журналистикасының 100 жылдан астам тарихи даму дәстүріндегі озық үлгілерін сақтай отырып, оны қазіргі заман талаптарымен сабақтастырып дамытуға мерзімді баспасөз саласы  жіті назар аударып келеді.

Төртіншіден,  Қазақстанда БАҚ сан жағынан аздық етіп тұрған жоқ. Алайда, қоғамдағы ақпараттық сұранысты қамтамасыз етуге келгенде артта қалушылық байқалуда. Ұлттық және коммерциялық телеарналардың бәрі дерлік кешкі жаңалықтар шығарылымдарында бір ғана оқиғаны, жалғыз синхронды алма кезек қайталаудан аса алмай отыр. Сондықтан, саннан сапаға көшуді қолға алатын уақыт жетті.

Abai.kz

0 пікір