Сенбі, 27 Сәуір 2024
1558 6 пікір 21 Қыркүйек, 2022 сағат 15:22

Төтенше жағдайлар министрі қызметінен кете ме?

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин отставкаға кетуге дайын екенін жеткізді.

Елдің бірнеше өңірінде өрт болғанына байланысты көпшілік министрді сынға алған болатын. Оның қызметтен кеткені дұрыс деп жазғандар болды.

«Лауазым жайлы шешімді ел басшылығы, үкімет шешеді. Егер олар менің құзыретім жеткіліксіз деп шешсе, тиісінше мен отставкаға кетемін»,- деді ол.

 

Abai.kz

6 пікір