Сенбі, 27 Сәуір 2024
1428 1 пікір 21 Қыркүйек, 2022 сағат 13:25

Ердоған: Ресей мен Украина тұтқын алмасады

Ресей мен Украина 200 әскери тұтқын алмасуға келісті, деп хабарлады Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған PBS басылымына.

"Тараптардың келісімімен екі жүз тұтқын алмастырылады. Маңызды қадам болады деп ойлаймын", - дейді түрік президенті. Ол тұтқын алмасуға қатысты басқа ештеңе айтқан жоқ. Украина мен Ресей 200 тұтқынды алмастырған-алмастырмағаны әзірге белгісіз.

Ердоғанның мәлімдеуінше, Ресей Украинадағы соғысты тезірек аяқтауға ұмтылып отыр. Өзбекстанда Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен соң Түркия президенті осындай тұжырым жасаған.

"Өзбекстанда мен Путинмен ауқымды кездесу өткіздім. Олар мұны тезірек аяқтағысы келетінін түсіндім. Қалыптасқан жағдай - үлкен проблема", - дейді Ердоған.

Мәскеу соңғы мәрте Киевпен тұтқын алмасқанын маусым айының аяғында хабарлаған. Сол кезде тараптар әскери тұтқындарды ""144-ке 144" форматына сай алмастырғанын растаған.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қыркүйекте тараптарды "барлығын барлығына" форматында тұтқын алмастыруға шақырған.

Украина мен Ресей арасында бейбіт келіссөз жүріп жатқан жоқ. Жанжалды дипломатия көмегімен реттеу жөніндегі келіссөздердің алғашқы раунды Беларусь аумағында өткен. Кейін келіссөздер видеобайланыс көмегімен жалғасқан. Украина мен Ресей делегацияларының соңғы кездесуі биыл 29 наурызда Стамбұлда өтті.

Abai.kz

1 пікір