Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2339 0 пікір 14 Қаңтар, 2013 сағат 12:30

Қымбатшылық қыспаққа алатын түрі бар

Бір апта бойы жаңа жылды мерекелеп, аста-төк дастарқанның әсерінен арыла алмай, есімізді енді жия бастағанда, коммуналдық қызмет көрсетулер тағы да қымбаттайды деген жаңалық алдымыздан қарсы шықты. Яғни Жылан жылы өзінің қымбатшылығымен ерекшеленгелі тұрған сыңайлы. Зейнеткерлердің зейнетақымызға 9 пайыз қосылады деп өткен жыл соңында мәз-мейрам болып қалғанын қайтейік, тоғыз пайыздық өсімнің тоғыз тиындық пайдасы болмайтын түрі бар. Бәрі коммуналдық қызмет төлеміне кетпек. Табысымыз өскен сайын, шығынымыз да өсе бермек. «Мен санап екеу жасаймын, Құдай санап біреу жасайды» дегеннің нақ өзі болғалы тұр.

Бір апта бойы жаңа жылды мерекелеп, аста-төк дастарқанның әсерінен арыла алмай, есімізді енді жия бастағанда, коммуналдық қызмет көрсетулер тағы да қымбаттайды деген жаңалық алдымыздан қарсы шықты. Яғни Жылан жылы өзінің қымбатшылығымен ерекшеленгелі тұрған сыңайлы. Зейнеткерлердің зейнетақымызға 9 пайыз қосылады деп өткен жыл соңында мәз-мейрам болып қалғанын қайтейік, тоғыз пайыздық өсімнің тоғыз тиындық пайдасы болмайтын түрі бар. Бәрі коммуналдық қызмет төлеміне кетпек. Табысымыз өскен сайын, шығынымыз да өсе бермек. «Мен санап екеу жасаймын, Құдай санап біреу жасайды» дегеннің нақ өзі болғалы тұр.

Сонымен, енді суға да, жарыққа да, жы­луға да көп төлеуге тура келуде. Қым­бат­шылық мұнымен шектелсе жақсы ғой, өкінішке қарай, мұның тоқтамайтын түрі бар. Қазақстандық экономистер 2013 жылға көңіл көншітерлік болжам жасай алмауда. Баға өсімі ештеңені таңдамайтын көрінеді, ішіп-жем де, киім-кешек те қымбаттамақшы. Келер жылы биылғыдай жаңа жылда кекірік атып тоятын мол дас­тар­қанды қарапайым отбасыларынан кез­дестіреміз бе, жоқ па, белгісіз. Ал бақуатты отбасына бәрібір екені белгілі.
Жылан жылы тек коммуналдық баға­лар­ды ғана емес, сонымен бірге пойыз­дардың билеті де қымбаттады. Ол бірден 12 пайызға секіріс жасады. Туыс-бауыры, құда-жекжаты көп қазақтарға пойыз билетінің қымбаттауы ауырлау тиюде. Жаңа жылдың алғашқы айының ортасына алдын ала брон алайын деген бір топ туыс­тың жартысы билет алудан бас тарт­ты. Ақтөбедегі құдасының мерейтойына бармақшы болып жиналған алматылық бір топ туыстың жартысының қалтасы қымбаттаған билетті көтере алмады. Қа­зақ бауыршыл, құда-жекжатшыл халық. Қоржынын артып алып, ана туысыма ба­рып келейін деп едім деп жүрген та­ныс­тарымызды вокзал басынан жиі кез­дес­тіретініміз де сондықтан болар. Туысшыл қанымызға сіңген салт-дәстүр, Құдайға шүкір, оны әлі жоғалта қоймаппыз. Енді мына қымбатшылық сол жақсы үрдісімізге де кесірін тигізбей қоймайтынын ой­лағанда, сананы шарасыздық билейді.
«Алматыэнергосбыт» ЖШС бас ди­ректоры Михаил Гамбургердің басылым­дарға берген жауабы бойынша олар экономикалық негізделген электр тарифін алған. Былтырғымен салыстырғанда, бар болғаны 5,9 пайызға ғана өсіпті.
Ал темір жол пойызы билетінің бірден 12 пайызға қымбаттауын да темір жол басшылары қалыпты жағдай деп есептесе керек. «Бұл қымбаттау жолаушылар тасымалының шығынын төмендету үшін жасалып отыр. 2013 жылы 208 жаңа жо­лаушы вагоны сатып алынбақшы» дейді темір жол басшылары.
Жаңартқан дұрыс қой, әйтсе де, бәрі айналып келгенде, қарапайым халықтың қалтасына салмағын салатыны қинайды.
- Көп ұзамай азық-түліктің кейбір түрлерінің бағасы да өседі. Бірден болмаса да, бірте-бірте. Әсіресе, күнделікті тұты­натын азық-түлік бағасының қымбаттауы әбден мүмкін. Мысалы, ет, өсімдік майы. Өткен жыл тек астық саласын ғана емес, майлы дақылдарды да күйдіріп жіберді. Соған қарай майлар да қымбаттамақ. Ет күннен-күнге қымбаттауда. Неге? Өткен қуаңшылық жемшөпке әсер етті. Нанға келетін болсақ, мемлекет оның бағасын басқа азық-түліктердің бағасының қым­баттауына байланысты ұстап отыруға тырысады деп ойлаймын, - дейді эко­номика ғылымдарының докторы Бей­сенбек Зиябеков.
Жалпы, экономистердің Жылан жы­лы­на жасап отырған болжамы қуан­тар­лықтай емес. Олар Үкіметтің халықтық тұтыну тауарларының бағасына барынша тұсау саламыз дегеніне де сенім арта алмай­тынын сездіруде. «Министрлер кабинеті қосымша субсидия бөлмей-ақ нарықтық экономикаға ықпал ете аламыз десе, қателеседі. Бұл тұтынушылардың қалта­сына түсетін салмақты аздап жеңіл­дет­кенімен, есесіне тауарлардың сапасы айтарлықтай төмендейді» деп білдіреді пікірін экономист-сарапшы Қанат Берен­таев.

Алма МҰХАМЕДЖАНОВА

"Айқын" газеті

0 пікір