Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2832 0 пікір 10 Қаңтар, 2013 сағат 08:24

Қазақстандықтардың төрттен бірі кітапқа мүлде қызықпайды

Қазақстандықтардың төрттен бір бөлігі жылына бірде-бір кітап оқымайтын немесе мүлдем кітапқа қызықпайтындар санатында.

Саяси шешімдер институтының әлеуметтанушылары жүргізген зерттеу нәтижесі осындай. Жалпы халықтың кітапқа деген сұранысы қандай? Қай жанрдағы оқулықтар өтімді?

15 жасар Маргаританың ермегі - кітап. Қолы қалт етсе, көркем әдебиет оқитын жеткіншек 9 жасынан бастап оқуға әуестенген. Бүгінде оның жеке қорында әртүрлі жанрдағы 200-ден астам кітап бар. Жиған кітаптарын алтын қазынаға балайтын оқушының ендігі мақсаты - қазақ авторларының туындысын түпнұсқада оқу.

Маргарита АФАНАСЬЕВА, оқушы:

- Статистикалық мәліметтер мүлдем басқаша. Саяси шешімдер институтының мамандары жүргізген сауалнама бойынша жылына бірнеше кітап оқитындар 40%-дан асып жығылса, айына 2-3 оқулықты қарайтындар 21,6%-ды құрап отыр. Ал қолына күнделікті кітап ұстайтындар 13% болса, 15%-ы бір жылда бірде-бір кітаптың бетін ашпайды екен. Ал 10%-ға жуығы әдебиет оқуға қызықпайтынын жасырмаған. Әлеуметтік сауалнамаға барлығы 2300-ден астам адам қатысқан.

Сондай-ақ әлеуметтанушылар кітапқа сұраныс жоғары қалаларды да жіпке тізіп шықты. Алғашқы үштік Петропавл, Алматы және Астана қалаларына тиесілі. Ал көп оқылатын жанрдың бірі - шытырман оқиғалы кітаптар екен. Ғаламтордың дамуымен электронды оқулықтардың да қолданысы артып келеді. Осы тұста елдегі кітапханалар бұл бағыттағы жұмыстарды мықтап қолға алған.

Сәулеш НАЗЫРОВА, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы:

- Елімізде халықтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Осы орайда жыл сайын «Бір ел, бір кітап» шарасы белсенді түрде жүргізіліп келеді. Тіпті кітапханалар мен дүкендерді былай қойғанда дәмханалардың ішіне кітап сөрелері қойылып, оқырмандарға бар жағдай жасалуда.

Дереккөз: 24.kz

0 пікір