Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
2445 10 пікір 13 Қыркүйек, 2022 сағат 16:32

Арандатамын деп, арандап қалды

Армения мен Әзербайжан арасында тағы атыс. Армения тарапы арандатуды қояр емес. 12 қыркүйек күні Армения Дашкесан, Келбәжар, Лашын аудандарында диверсиялық әрекеттерге көшіп, шекараны бұзған. Тыйым салынған аймаққа миналау жұмыстарын жүргізген. Армения әскері өткелдер мен жолдарды миналап, келісімді өрескел бұзған.

Әзербайжан әскері арандату әрекеттерін тоқтатуға шақырған сәтте, Армения оқ жаудырған. Осылайша екі ел арасында атыс қимылдары басталып кетті. Арменияның әскери нысандарына Әзербайжан соққы жасап, арандату әрекеттерін тоқтатуға тырысты. Қарымта соққы жасауға дрондар, зымыран кешендері мен артиллерия қолданылды. Армения екі С-300 зымыран кешені жойылғанын мойындады.

Пашинян арандатуға барып, артынша өзі жан ұшыра көмек сұрады. Ол ҰҚШҰ-ға жүгінген. Сонымен қатар БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне ресми сұрау салған. Әзірге Пашинянның үндеуіне халықаралық ұйымдар үн қатпады.

Қазақстан қоғамы ҰҚШҰ аясында Арменияға әскер жібере ме деген сұрақ қоғамда қайта талқылануда. Сарапшылар "Қазақстан әскер жіберуі екіталайү Өйткені Әзербайжан мен қазақстан арасында жақсы экономикалық байланыс орнаған. Бір ай бұрын Қазақстан президенті Әзербайжанға барып, бірқатар келісімдер жасады. Осының барлығы жағдайды дипломатиялық жолмен реттеу керек деген мәлімдемеге жол бастайды" дейді.

Түркия бұл қақтығыста Бакуді қолдаса, ресми Мәскеу ашық пікір айтудан бойын аулақ ұстауда.Ал ҰҚШҰ ше? ҰҚШҰ-да ресми мәлімдеме жасады. "Армения мен Әзербайжан арасында қандай да бір қарулы қақтығыс болғаны дұрыс емес, мәселені саяси-дипломатиялық жолмен шешуге шақырамыз" дейді. Осылайша Армения арандатамын деп, оттың ортасында қалғандай.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2062
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2491
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2095
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1605